Қарттар үйінде хал үстінде жатқан ананың соңғы өтініші елді жылатты

Oinet.kz 01-02-2023 3867

Әкесінің өлімінен кейін бір шама уақыт өткен соң, жұмысбасты ұл мен келін жасы ұлғайған, аурушаң анасын "Қарттар үйіне" тапсыруға шешім қабылдады. Солай бейшара ана "Қарттар үйінің" бір тұрғынына айналды. 

Screenshot_9.jpg

Ұлы ара-арасында анасына барып, жағдайынан хабар алып тұрды. Күн артынан күндер, ай артынан айлар жылжып өтіп жатты. 

Бір күні "Қарттар үйінен" қоңырау шалды:

Анасының халі нашар. Баласын көргісі келеді. Соңғы рет тілдесіп қалмақшы. Ұлы алып-ұшып жетіп келді. 

Ажал сағатын күтіп жатқан ана, темір кереуетте әлсіз халде жатыр. Баласы анасының соңғы сөздерін есту үшін құлағын оның ауызына тақады. Анасы бар күшін жинап, баласына ең соңғы өтінішін айта бастады:

— Ұлым, сенен соңғы өтінішім...Қарттар үйінің әр бөлмесіне кондиционер орнатып берсең? Кәріліктің салдарынан қыстың суық және жаздың ыстық күндерінде қатты қиналдым. Кейін бұл жерге тоңазытқыш та әкеп қой... Кей түндері ұйқым қашып тамақ жегім келгенде, айнымаған бірер нәрсе таппай, аш жатып қиналдым...

Анасының өтінішіне таң қалған ұлы, оның бетіне үңіле қарап, неге осынша уақыт осы қиындықтарға ауыз ашпастан шыдап келіп, өмірінің соңғы сәттерінде өтініп жатқанын сұрады.

--Мен ғой бұл қиындықтарға шыдадым... 

Мен сенің жағдайыңды ойлап алаңдаймын, балапаным... Бір күн келіп балаларың сені осы жерге әкеліп тастаса, халің қалай болар екен?

Желіден алынды

Туыстарымен үйленген бүтін бір ауылды қарғыс атып, жүзін жара басқан
«Сендер киесімен қосып сатып жібересіңдер»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу