Мен - шопанның қызымын

Oinet.kz 06-10-2022 1862

Бүкіл балалық шағым ауыл дейтін ауылда да емес, тауда өтті... Мыңжылқының баурайында. 

Screenshot_7.jpg

Жәй бала болып көрмедік... Еңбек еттік. 6 жасымнан ешкі саудым. Ешкі болғанда 5-6 ешкі емес, 100 ешкіні 3 қыз бөліп саудық. Кебенектер де сүтті болатын. Жайылымы жақсы ма, тұқымы мықты ма — білмеймін, әрқайсысы 2-3 литрден сүт беретін. Оны сауып боламын дегенше білегің талады, әйтеуір. 

Түске дейін шөп оруға, шөп жинауға барамыз, түсте мал жуасайды, сол кезде ешкі сауамыз.

Суретте жасым — 13-14-те. Осы жылдары жаз бойы түстен кейін жиенім мен немере інімді ертіп алып, мал бақтым. Қойшы жалдауға жұмсайтын қаржыны әкем үшеумізге теңдей бөліп берді. Баста келісім солай болған. 

Қыста, күзде, көктемде де қарап жатпадық. Демалыста тауға тартып тұрамыз, қораның көңін оямыз, оны жинаймыз, садыра сүреміз, арасында қора соғуға көмектесеміз; ылайын, тасын тасимыз. Мал төлдетеміз. 

Ең жаманы — сақпан. Малға кеткен әкемнің соңынан түске қарай мен барам. Есекке қоржын салып алып. Сол қоржынның екі басы қозы, лаққа толып қайтатын. Олар тоңып қалмас үшін көктемде қырқылған жабағы жүнге орап алам. Үйге әкеліп оларды кептіріп, сүтін беріп әлектенесің. 

Кешке енесіне табыстап, ауыздандырасың. Төлінен жеріген тоқты, шыбышқа төлін қайта телисің. Бұл да үлкен проблема, көкек анамен жұмыс сияқты ғой. 

Жауын-шашын болса, садыра сүрумен күнің өтеді. Оның үстіне құрғақ қи төсейсің, әйтеуір ауыр еңбек... 

Мен балалық шағымның тура осылай өткеніне қуанамын! Себебі, қазір кез-келген қиын іс бастайтын болсам өзіме: "Сандуғаш, мал баққаннан оңай ғой, давай, алға" дей саламын.

Сандуғаш Шортанова

Көр қазушыларды таң қалдырған Әбжалап әулие
Өлген қызды жуындырғандар көрген сұмдығына қатты ашуланды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу