Бәбісектің айдары қалай пайда болды? (аңыз)

Oinet.kz 14-01-2020 830

бәбісек.jpg

Көкек Сүлейменнің көп қызметіне жарапты. Пайғамбар оны қайда барса да, қасынан бір елі тастамайды екен. Жорыққа шыққанда, көкек әскердің алдында ұшып жүреді. Жапан түз, шөл далада келе жатқанда, көкек суы бар жерге қонады екен. Оның арқасында Сүлейменнің әскері шөл азабын тартпапты. Саба патшалығына барып, Былқыс ханшаның сұлу дидарын көрген де сол екен. Оған Сүлейменнің хатын жеткізіп, арада дәнекер болады. Құстың риясыз қызметіне риза болған Сүлеймен:

– Сен менің көктегі қолғанатым болдың. Шөлде де құдықтың көзін табатын қырағы қасиетің бар. Көкейдегі ойды айтқызбай түсінетін сұңғыласың. Елшілік міндетті де адал атқардың. Кейінгі ұрпақ сенің пайғамбардың сенімді қолғанаты болғаныңды білсін. Саған ризамын. Бұдан былай жақсылықтың жаршысы, ізгіліктің есігі бол! Сенің есімің бүгіннен бастап «баб» болсын! Самғар көгің тарылмасын, басыңнан бақ арылмасын, — деп басынан сипапты. Содан көкектің төбесіне патшаның тәжіне ұқсайтын айдар өсіп шығыпты. Осыдан бастап ел-жұрт оны «баб» – «есік», кейін келе бабесік, бәбесік, бәбісек деп атап кетіпті.

«Отбасы хрестоматиясы»

Қарлығаштың алқымы неліктен ақ түсті? (аңыз)
Жүзімнің пайда болуы туралы қисса
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу