Иманжүсіптің тапқырлығы

Oinet.kz 27-01-2020 608

Иманжүсіп өмір сүрген заманда орыстың бір бай көпесі қазақтың арасында отырып, кедей шаруаларға салық салып, ұрлық істеп, көптеген қиянаттар жасаумен болады. Соны естіген Иманжүсіп, палуан Қажымұқан Мұңайтпасов екеуі келісіп, орыс көпесінің атын ұрламақшы болады. Ат өте семіз, жарамды екен. Ол биік, пісірілген қыш дуалдың ішінде есігі құлыптаулы күйде тұрады екен. Ат тұрған жерде арлан төбет ит байлаулы. Ит тұрған дуалдың тұсы ит сиятындай ғана тесік болады.

Иманжүсіп пен Қажымұқан қолына қап ала келеді. Жақындағанда арлан төбет арсылдап тесіктен шыға бергенде, қапты басына кигізіп, Иманжүсіп иттің кеңірдегінен қысып, буындырып өлтіреді. Иманжүсіп дуалды өрмелеп, ішіне кіреді де, сырттағы Қажымұқанға атты екі қолымен көтеріп әпереді. Сөйтіп, атты кедейлердің ауылына апарып, сол түнде сойып, кедейлерге үлестіреді. Ал тұрған есік құлыптаулы, дуалдар аман. Бірақ ит өлген. Атты қалай алғанына қайран қалып, орыс көпесі санын ұрып, сандалған екен.

Лиза Әлиханқызы Бөкейханова: Барса-келместің командировкасы
Басықара билігі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу