Жапонияда болған оқиға
Бірде көптен бері жұмыссыз жүрген жапон азаматы белді компанияға жұмысқа орналасады. Бастық оған: «Сені жұмысқа аламыз, бір ай сынақ. Бір айдан кейінгі нәтижеңе қараймыз» деп ескертеді. Оның қуанышы қойнына симайды. Таныстары «қайда жұмыс істейсің» деп сұраса, ол «Бәлен деген компанияда» дейді кеудесін мақтаныш кернеп. Бірақ одан ешкім «ол компанияда кім болып жұмыс істейсің» деп сұрамаған еді. Сізше, ол кім болып жұмыс істейді? Бұл жағы жұмбақ болып қала тұрсын. Біз оның бір айды қалай өткізгенін әңгімелейік!
Ол өзіне сенім артқан компания басшысын ренжіткісі келмейді. Жатса-тұрса, жұмысын тиянақты істеуді ойлайды. Компания басшысы оны көрген жерде арқасынан қағып, күлімсіреп қояды. Ол болса, бастық маған риза екен деп ойлайды.
Бір ай өтті. Бастық жас жігітті қабылдады. Ілтипат көрсетіп, алдына шай әкелгізді. Әңгімені төтесінен бастады.
- Сіз жұмысқа қабылданбадыңыз!
Жас жігіт аң-таң болды.
- Не үшін? - деді жұлып алғандай.
- Себебі, Сіз бір ай бойы жақсы жұмыс істедіңіз. Көп еңбек еттіңіз. Қиналдыңыз. Шаршадыңыз. Бірақ, ештеңе ойлап таппадыңыз. Өзіңізді қинауға әзірсіз, бірақ, жұмысыңызды жеңілдетуді неге ойламадыңыз. Неге жаңалық ойлап таппадыңыз. Мен не үшін ауланы сыпытқымен сыпыруым керек, басқаша бір жаңа зат немесе әдіс ойлап табыуым керек деп ойламадыңыз. Бізге жаңашыл көзқарастағы жұмысшылар керек. Әрбір жапаондық жаңашыл болғанда ғана, біз өркениетті ел есептелеміз, - деген екен бастық мырза жылы жымиып.
Бұл бізгеде қатысты сөз. Біз қаншама жылдар өзгеге жұмыс істеп, айлығымыз шайлыққа жетпей өмір сүруден жалықппаймыз. Бір сәт өз өмірімді жақсы жаққа өзгертейінші деп ойламаймыз. Жаңа заманда ескі сүрдекпен ғұмыр кешеміз. Жаңа технологияны пайдаланғымыз келмейді. Сіз жапондық азамат сияқты жаңалық жаратпай-ақ қойыңыз, бірақ, жаңа заманның жаңа технологиясын пайдаланып, өзіңіздің бейнетке толы өміріңізді өзгерткіңіз келмей ме?