Дөйт ұранды Шөмекей. Батыр туралы жыр

Oinet.kz 07-09-2020 2739


Ескінің есебінде бөтен ой жоқ,

Тегімді түгел қаузар,

бөгемей тек.

...Ұрпақтар біліп өссін,

біздер неге

Атандық  “Дөйт ұранды Шөмекей” боп.

Естілер беріп кеткен ерен баға,

Қасиетті жан екен

Шөмен баба.

Әруақты кісі боп,күн кешіпті,

Болмысы жаралған соң кемел,дара.

Көкейіне кенен ой,ақыл тұнған,

Бабамыз бар тірлігін батыл құрған.

Қастерлі  осы Шөмен бабамыздан

Дөйт,Шөмекей есімді екі ұл туған.

Жүрмесін желең сөзді

“гөйттеп” адам,

Мен енді бабам айтқан

жайтқа бағам.

Кіші ұл Шөмекейден төрт ұл тарап,

Өсер ұрпақ қалмапты

Дөйт бабадан.

Жағдай бұл бабаларды ойландырған,

“Дөйт—біздің тектіміз-деп-

айбар қылған...”

Атағы жансын,аты өлмесін деп,

Шөмендер Дөйтті ұранға айналдырған.

Содан бері ту тұтып,тұмар етіп,

Дүйімді даңғылына құмар етіп.

Даңқты Дөйт бабамды

Шөмекейлер

Келеді өздеріне ұран етіп.

Тоғыта түсер болсам

ой құнарлы,

Бабаммен даңқым бірге айбынданды.

Атасам,

Тоқа,Көнек,Аспан,Бозғыл—

Шөмекейлер осы жұрт

Дөйт ұранды.

Бабадан бота емес,

бата алғанбыз,

Батадан жүректерге

от алғанбыз.

Дөйт бабаның есімін жаңғыртып біз,

“Дөйт ұранды Шөмекей ” атанғанбыз.

Ақын Наурызбай Жарбосынұлы

«Әке тәрбиесін ешбір мектеп бере алмайды» Әке туралы эссе
Көкілташ медресесін салдырған кім?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу