Кіші жүз ханы Әбілқайыр хан. Өмірбаяны, қызметі

Oinet.kz 06-09-2020 1454

Әбілқайыр хан.jpg

Кіші жүз ханы Әбілқайырдың мемлекет қайраткері ретіндегі қызметі

Әбілқайыр ханның қазақ әскер жасағының Бас қолбасшысы ретінде атқарған іс-әрекеттер көрінісін суреттесек, XVII ғасырдың аяғы – XVIII ғасырдың бiрiншi жартысында қазақ қоғамының саяси жағдайы айтарлықтай аса қиын болатын. Қазақ қоғамының әлеуметтiк-саяси жағдайының әлсiреуiне ықпал еткен мән-жайлардың бiрi – көршiлес елдердiң қазақ халқының жерiне көз салуында едi. Өз кезегiнде қазақ қоғамының саяси жағдайын Ш.Уәлиханов былай деп мәлiметтеген болатын:  «XVII-XVIII  ғасырлар  аралығы  қазақ қоғамының тағдырында сұмдық қиын кездер болды. Жайық орыс-казактары, Едiл бойының қалмақтары, башқұрттар мен жоңғарлар бiрiнен кейiн бiрi қазақ халқына шабуыл жасап, олардың малын   айдап,   қазақтарды    тұтқынға    алды» [1, 426 б.].

Қазақтардың көршiлес жұрттарымен қарымқатынастары шиеленiсiп, олардың арасында әскери соқтығысулар жиелiтiлдi. Қазақ қоғамы жан-жағынан қауiп төнiп, үлкен қатер алдында тұрды. Едiл қалмақтары, Жайық   орыс-казактары, башқұрттар мен жоңғарлар жан-жақтан анталап, қазақ жерiне шабуыл жасауға дайын едi.

XVII-XVIII ғасырлар аралығы қазақ елiне жоңғарлардың шапқыншылығы аса күрделi қауiп төндiрдi. Ел басына күн туып, қазақ халқы «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламаға» ұшырады. Халықтың үштен екiдейi қырылды. Бұл жүз жылдан астам уақытқа созылған қазақ жоңғар шайқасының нәтижесi.

Өзiнiң жеке әскери дарындылығы мен қолбасшылық шеберлiгiмен көзге түскен Әбiлқайыр осы кезеңде қазақ хандары мен сұлтандарының әскери шерулерiне жастайынан белсеңе қатысқан жауынгер. Жай ғана қазақ әскери жасағының жауынгерi болған ол, он алты – он жетi жасында қазақ жасағының әскери басқарушыларының бiрi болды.

Кiшi жүзге көршiлес орналасқан халықтарымен Әбілқайырдың ара-қатынасы әр түрлi шайқастар мен қақтығыстарға, мәмілегерлік келісім шарттарға толы.

Кiшi жүз қазақтары мен башқұрттар арасындағы қақтығыстарды қарасақ, жеңiс пен жеңiлiс екi жаққа алма кезек ауысып отырған. Сөзiмiз дәлелдi болу үшiн бiрер мысалдарға қысқаша шолу жасайық.

Едiл– Оралаймағындағыпатшаәкiмшiлiгiне қарсы    көтерiлген    башқұрттардың    тарханы Алдар Исянгельдин айбынды қолбасшы Әбiлқайырға арқа сүйегiсi келiп, 1709 жылы Ноғай аймағына Кiшi жүз ханын  шақырды.

Башқұрт халқының тарихында өзiндiк iз қалдырған қолбасшылық талантымен, ұйымдастырушылық қабiлетiмен  ерекшеленетiн қазақ сұлтаны Әбiлқайырдың белгiлi башқұрт игiлерiмен тығыз қарым-қатынас жүргiзгендiгi туралы деректердiң бiрiнде, «башқұрт  тарханы Алдар мен оның серiктерi жас Әбiлқайыр сұлтанды шақырып, оны хан деп атады» – делiнген [2, 57 б.].

Осы мәлiмет  бойынша  келесi  сауал туады, Кiшi жүз ханы болмай тұрып, Әбiлқайыр башқұрт ханы болды ма?

Бұл жылдары оның башқұрт ханы болғаны туралы деректерде дәл айтылмаған. Бiрақ ескеретiн жай, сол заманда көп жағдайда хан тағына қазақ сұлтандарын башқұрт халқымен қоса, хиуалықтар да шақыратын.

1715 жылдың басында Әбiлқайыр хан бастаған әскери күш башқұрт жерiне шабуыл жасады. Қазан губерниясындағы Черемшан өзенiнiң алқабын басып алып, Ново-Шешминск станциясын өртеп жiбердi [3, 116 б.].

1717 жылдың қысында Әбiлқайыр 10 мыңдай әскермен башқұрт халқының Қазан уезiне жаңа жорық жасады. Ново-Шешминскiнi басып алып, көп адамдарды тұтқынға түсiрдi. Бiрақ кейiн шегiнуге мәжбүр болды.

Кiшi жүз ханы Әбiлқайырдың Жайық орысказактарымен әскери соқтығысуы тарихи арнада өзiндiк iз қалдырған.

Кiшi жүз қазақтары мен Жайық орыс-казактарының қарым-қатынасы тарихи өзара жаулық, соғыс-шайқастары, бiрiн-бiрi тұтқынға алу, малдарын айдап әкету көрiнiстерiне толы. Соның кейбiр шайқастарына тоқталсақ.

1718 жылы, қазақтар мен қарақалпақтардың 20 мың әскерi Жайық қалашығын бiр ай қоршауда  ұстайды.  1719  жылы   шiлде айында Кiшi жүз ханы Әбiлқайыр 20 мың әскермен келiп тағы да Жайық қалашығын қоршауға алды. Жайық қалашығы қазақ әскери жасағының қолына түсер едi, егер Әбiлқайыр ханның қаланы қалдырып, Едiл қалмақтарына шабуыл жасауы болмаса.

1723-1724 жылдар аралығында Кiшi жүз ханы Әбiлқайыр Жайық қалашығына қайта шүйiледi. Сол кездерде тарих көрiнiсiнде қалған орыс-казактары мен қалмақтардың бiрiккен әскер отрядтары қазақ әскерiмен Утва, Самара, Шаған өзендерi бойында талай рет шайқастар жүргiздi [4, 108-110 бб.].

Әбiлқайырдың қалмақ хандығымен аянбай күресуiнiң бiрден-бiр себебi, қоныс мәселесi. Өйткенi, Жайық өзенiнiң жағалауындағы жайылымдар мен ормандар тұрмысқа өте қолайлы едi. Осы ретте, Жайыққа таласуын қоймаған Әбiлқайырдың мынандай сөз жолдары кездеседi:

«Жайық өзенi кеуiп қалғанша, қазақ халқы бұл жерден айырылмайды. Өйткенi қазақ елi мұндай жайлы жердi еш жерден таппайды» [5, 366 б.].

Әбiлқайыр жоңғарлармен күреске баса назар аударды, өйткенi қазақтардың ең басты жауы жоңғарлықтар болды. Қазақ халқына басты қауiп-қатер солардың тарапынан төнiп тұрды.

Кiшi жүз ханы Әбiлқайырдың Жоңғария халқымен түскен әскери қақтығыстарға тоқтау алдында, сол кезеңдегi қазақ – жоңғар халқының тарихи арнасына көз жүгiрттейiк.

Егер Әбiлқайырдың қалмақ ханы  Аюкемен күш санаспай күресуiнiң себебi – қоныс мәселесi  болса,  онда  жоңғар  билеушiсi Сыбан Раптан да қазақ иелiгiндегi жерге үйлiктi, оның түпкi мақсаты – көшпелiлердiң бiртұтас империясын құру болды.

Аюкенiң шығыстағы қандасы Жоңғариямен әскери одақ құруға әрекеттенуi, қазақтарға соққы жасауға дайындалуы жаулық жолын одан әрi жалғастырды. Сөйтiп, қазақ халқына қос қауiп төнiп келе жатты.

ЖоңғарханыныңАюкеменәскериодаққұруға тырысуының басты себебi – басқыншылық саясаты болды. Өз қоныстарынан айырылып қалу қауiпi Кiшi жүзге де төндi.

Осындай қиын кезеңде елден бұрын мәнжайды түсiнiп,  аз  уақыт  iшiнде  iрi  әскери күш құрып, басқыншыларға қарсы күрестi ұйымдастырған Әбiлқайыр хан едi.

Жағдайды тез саралаған ол, 1723 жылдың тамызында 20 мыңдық қазақ, қарақалпақтардың бiрiккен әскерiмен Арал маңында Сыбан Раптан мен Аюкенiң күштерiне соққы беруге аттанды. Едiл – Жайық арасына шағын әскери топтарын қалдырған Әбiлқайыр Едiл қалмақтарының жерiне бет алды. Кiшi жүз ханы Әбiлқайыр қазақтардың көшiп-қону аумағын солтүстiкбатысқа қарай кеңейткiсi келiп, Едiл даласына бағытталған жорығын одан әрi жалғастырды. 1723 күзiнде Едiл қалмақтарының шекара қоныстарына жеттi. Бұл ауданда оның iрi әскери күшпен кенеттен пайда болуы қалмақтар арасында үлкен қобалжу тудырды. Сөйтiп, 1723 жылдың 28-шi қарашада Әбiлқайыр әскерi Лекбай ұлысын талқандап, көптеген тұтқындарды ұстап, малдарды айдап кеткен [4, 174-175 бб.].

Кiшi жүз ханы Әбiлқайырдың әр көршiлес халықтарымен жасасқан әскери қақтығыстар тарихының көрiнiсiнде  қалмақтардың  Кiшi жүз қазақтарымен қатынастарының қалай басталғанына тоқталсақ. Қалмақтар XVII ғасырдың 20-шы жылдары 50 мыңдай шаңырақ қалмақтары Жайық пен Едiл арасында орналасқан  ноғайларға  қарсы  соғысты.   Өзара iшкi алауыздықтан әлсiреген Ноғай ордасын қалмақтар бiрнеше рет талқандап-жеңiп, екi өзеннiң бойында жаңа бiр қалмақ хандығы орнайды. Сөйтiп, қалмақтар  бiр  ғасырдан астам жыл бойы Кiшi жүз қазақтарының ту сыртындағы қатерлi дұшпандары болды.

XVII ғасырдың аяғы – XVIII ғасырдың бiрiншi жартысында 54 жыл бойы Едiл қалмақтары, Аюке хан тұсында көршi қазақ және  қарақалпақ,  Хиуа  қоныстарына жиiлетiп шабуыл жасап, жаулаушылық саясатын жүргiздi. Аюке хан тұсында қалмақтар Қазақстанның солтүстiк-батыс аймағына жиi көз тiгiп отырды. Әскери дарындығы мен шеберлiгi арқасында, әрi шайқастарда ер жүректiлiгiн көрсете бiлген Әбiлқайыр   қазақ   халқының   кең    даласында үлкен атаққа ие болды. Әбiлқайыр көршi елдердiң шабуылын болдырмауда белсеңдi iшкi саясат жүргiздi. Ол тек жоңғармен күш алысқан жоқ, Едiл қалмақтарымен, башқұрттармен, Жайық  орыс-казактарымен  де   күш  сынасты. Әбiлқайырдың әскери ер жүректiлiк пен шеберлiк қасиеттерi тек жау қатарында ғана емес, сонымен өз қазақ халқының ақсүйектер арасында да атақ пен құрметке толы болды. Әбiлқайыр тамаша саясатшы, ел билеуде ерекше көзге түскен әккi билеушi, атағы кең тараған сардар.

Кiшi жүз ханы Әбiлқайырдың үлкен әскери жетiстiктерi – 1726 жылы көктемде Торғай даласында Бұланты өзеңi бойында, «Қалмақ қырылған» деп аталған Қара сиыр деген жерде, 1729жылыБалқашкөлiнiңсолтүстiк-шығысында Аңырақай даласында үш жүздiң әскери күшiне бас қолбасшы болған Әбiлқайырдың үлесiмен жоңғарлар талқандалды.

Бұл жеңiстер қазақ халқына ең қажет кезiнде тыныс берген аса елеулi тарихи оқиғалардың бiрi болды. Әрине, ұлы жеңiстердiң басты кепiлi – қазақ халқының өзара iшкi ынтымақтықпен тiзе қосып күресуiнде екенiн ескергенiмiз жөн. Сонда да, жеке ерлiктерiмен жан аямаған батырлар болғанымен де үш жүздiң әскери жасағының күшiн бiрiктiрiп ұрыс даласында үйлестiруде Әбiлқайырдың жөнi бөлек.

Ғасырдан ғасырға өткен бұл шайқастарда жеңушiлер де жеңiлушiлер де тарих көрiнiстерiнде орын алды. Сол дәуiрдегi екi iрi халықтардың соғысы бiрiн-бiрi әлсiреттi. Әсiресе қазақ халқын жоқ қылуға сәл-ақ қалды.    «Қалмақ    қырылған»   шайқасының,«Аңырақай» шайқасының жеңiстерi қазақ халқының еңсесiн көтерiп, жауға қарсы бiрiгу идеясын кең жайды.

Көрнектi ұйымдастырушы, қазақ батырларын бiрiктiре бiлген тамаша қолбасшы Әбiлқайыр халықтың мұңын терең түсiндi. Ордабасыда қазақ билеушiлерiнiң шешiмiне сай жоңғарларға қарсы үш жүздiң бiрiккен әскери жасағына қолбасшылық жасау көпшiлiк дауыспен Әбiлқайыр ханға жүктелдi.

КiшiжүзханыӘбiлқайырдыңөззаманындағы басқа  әскер басшыларынан  айырмашылығы бiрнеше майданда қатар соғысуы, ол, Едiл қалмақтарымен, башқұрттармен, Жайық орысказактарымен, жоңғарлармен, сондай-ақ Хиуа хандығымен күш сынасты.

Байқағанымыздай, Кiшi жүздiң көршiлес орналасқан халықтармен қарым-қатынасы әр түрлi шайқастар мен қақтығыстарға толы.

Әбiлқайыр хан – қазақ халқының тарихында дипломатиялық келiссөздердi жүргiзу мен тиiмдi пайдалану қасиеттерiмен және осы салада ерекше ұйымдастырушылық қабiлетiмен ерекшеленген бiртуар тұлға. Қазақ-башқұрт қатынастары тек әскери шапқыншылықтармен шектелмеген, сонымен қатар дипломатиялық келiссөздер де тарихта орын алған.

Кiшi жүз ханы Әбiлқайыр қазақ – башқұрт қатынастарына байланысты көтерген күрделi мәселелердiң бiрi – 1734 жылы қазақ даласын отарлаудың тiрегi болған Ор бекiнiсiн салу мәселесiн ұсынды. Бұл ұсынысты бiр жағынан әскери бекiнiсi, екiншi жағынан сауда мәселесiн дамытудың қайнар-көзi ретiнде қарастырған. Ресей мемлекетi Әбiлқайырдың бұл ұсынысын қолдап отырып, [5, 116 б.] және ханның мемлекет қайраткерлік қызметіне риза болды.

Қазақ  -  башқұрт  қатынастарында  Кiшi жүз ханы Әбiлқайырдың саясатында да қайшылықтар аз болмағанын айтқанымыз жөн. Соған да қарамастан Әбiлқайыр өзiне тиiмдi жақтарымен пайдалана бiлген.

Қазақ пен жоңғар билеушiлерi арасындағы күрес жүз жылдан астам уақытқа созылғаны бiзге мәлiм. Әсiресе, XVIII ғасырдың бiрiншi жартысында қазақ жоңғар қарым-қатынастары өте шиелiнескен жағдайда болды. Жоңғар феодалдары қазақ жерiне агрессиялық шабуылды  жиiлеттi.  Олар   қазақ   жүздерiнiң iшкi алауыздығын пайдаланып, 1723 жылы Қазақстанға агрессиялық, алапат соғыс бастады. Жоңғар агрессорларының Қазақстан жерiне басып кiрген бұл шабуылы тарихта «Ақтабан шұбырынды, Алқа көл сұлама» деген атаулармен танымал.

XVII-XVIII ғасыр аралығындағы тарихи ақиқаттарын еске түсiрсек, Едiл қалмақтары, башқұрттардың жер  дауы,  барымта  шабуылы, жоңғар басқыншылығы қоса-қабат шабуыл жасауы қазақ қоғамының әлеуметтiк – саяси қалыптасуына керi ықпал жасады. Осындай ауыр жағдайдан шығудың дұрыс жолы Кiшi жүз ханы Әбiлқайырдың дипломатиялық көзқарасы бойынша Ресей мемлекетiнiң қол астына кiру.

Сөйтiп, 1731 жылдың 19-шы ақпанында императрица Анна Әбiлқайыр ханға және оған тиесiлi қазақ халқымен қоса Ресей қол астына кiргенi туралы грамотаны жiбердi.

Дипломатиялық әдiс ретiнде жоңғар қонтайшысына бағыну емес, бар болғаны Ресейге саяси ықпал жасау. Себебi, қазақ халқының Ресей бодандығын қабылдағалы берi олардан ешқандай көмек берiлмегендiгi. Шын мәнiнде бұл Кiшi жүз ханы Әбiлқайырды ақылды, парасаты, ойы озық мемлекет қайраткерi ретiнде растайтын дипломатиялық әдiстерiнiң бiрi.

Әбiлқайыр Ресей патшалығының сыртқы саясатының негiзiн түсiндi. Дипломатиялық тактиканы терең түсiне бiлген Әбiлқайыр жоңғар қонтайшысымен жақындасқаны Ресейге керi оқ болып тиетiнiн түсiндi. Ендi, ол өзiне пайдалы жағын ойластырды [4, 53 б.].

Сондықтан болар, «Кiшi жүз ханы өзiнiң сыртқы саясатында екi жүздi бағыт ұстады» деген  тұжырым  кездеседi.  Бiр  мезгiлде патша өкiметiнiң де, жоңғардың да бодандығында болуы оның саясатшылығының көрiнiсi емес, опасыздығының белгiсi деп те бағаланды. Әбiлқайыр екi елге де адал қызмет етпеген. Ол өзiне жоңғар халқынан келген ұсыныстары мен елшiлiктерi жайында Орынборға үнемi хабарлап отырған. Осының өзiнде тиiмдi жағына қарай бұрып жеткiзе алған [2, 343 б.].

Iс жүзiнде Әбiлқайыр патша әйелiнiң шын берiлген қызметшiсi болған жоқ екенiн айттық, ол кей кездерде жоңғар билеушiлерiнiң де көңiлiн қалдырмады. Сонымен қорыта келгенде, бұны далалық дипломатияны жетiк меңгерген Әбiлқайыр саясатының екi  үштылығы  емес, сол замандағы ерекше мәмiлегерлiк тәсiл түрi ретiнде түсiну керек.

Тиiмдi жерiнде әскери әрекеттерден көрi мәмiлегерлiк тәсiлдердi молырақ пайдалануға тырысқан, Кiшi жүз ханы Әбiлқайыр. Оған дәлел, 1742 жылы қазақ хандығымен едiл қалмақтары бiтiм-келiсiм шартқа келдi. Осы мәмiлегерлiк шарты Орынбор губернаторына Әбiлқайыр былай деп хабарлайды: «бiз қалмақтармен бейбiтшiлiк орнаттық. Бiздiң барлығымыз бiр мемлекет құрамында болғандықтан, бiр әкенiң балдарындай тату-тәттi өмiр сүретiн боламыз» [3, 201 б.].

Бұл мәселенi қорытындылай келе аңғаратын бiр жай, Әбiлқайырдың қалмақтар арасындағы қайшылықтарда қазақ мемлекетiнiң мүддесiне қарай шебер пайдаланғандығы. Ол дербес мемлекеттiң қайраткерi ретiнде, едiл қалмақтарына жиiлетiп елшiлiк жiберу арқылы сол елдiң қазақ хандығына бағытталған саясатын айқындап отырған.

Әбiлқайыр тек әскер өнерiн жетiк меңгерген қолбасшы ғана емес, сонымен қоса тамаша саясатшы болғанына көзiмiз жеттi. Мәмiлегерлiк өнердi жақсы игерген ол, көршi елдермен қарымқатынасты келiссөзбен шешуге тырысқан. Бұл, оның саясатшылдығын ерекше даралайды.

Кiшi жүз ханы Әбiлқайыр – башқұрт, жоңғар халықтарымен, Едiл қалмақтарымен, Жайық орыс-казактарымен,  Хиуа   хандығымен  саяси қарым-қатынастарды түйiндесек, аталмыш халықтармен қандай да бiр күрделi мәселелердi көтере, олардың нәтижелерiн өзi үшін, халқы үшін мол пайдалана алған қазақ даласының қайраткерi.

Жалпы, Әбiлқайыр ханның қазақ қоғамының тағдырына қалдырған iзi – бiрiншiден, қоршаған  ортасы  анталасқан  жау  арасында өзiнiң жеке әскери қолбасшылық шеберлiгi мен дипломатиялық келiссөздердi жүргiзуде өзiне тиiмдi пайдалана бiлген мемлекет қайраткерi ретiнде. Екiншiден, Қазақстанның Ресей бодандығын қабылдаудағы алғашқы қадам жасасқан тұлғаның бiрi ретiнде қызметi сипатталады.

Ресейге бодан етуге Әбiлқайыр хан үлкен үлес қосты. Ол, сол кездегi қазақ даласында туындаған iшкi және сыртқы саясаты бағалап, iшкi тартыстың тоқтатуын және Жоңғар әскерiнiң басқыншылығынан Ресей өкiметiнiң көмегiмен тоқтатуға болатынын саяси тұрғыдан саралай бiлген жан.

Әбiлқайыр хан орыс өкiметi арқылы саудасаттық мәселесiн дамыту мүмкiншiлiктерiн қолданғысы келдi. Ресей бодандығын қабылдағаннан кейiн Әбiлқайыр хан орыс өкiметiнен Ор өзенiнiң Оралға келiп құйылған жерiне қала салуын сұрады. Ол қала, бiрiншiден, қазақ жерiн башқұрт-қалмақтардың шабуылынан қорғайды, екiншiден Ресеймен сауда жолының орталығы болады деп ойлады. Ор бекiнiсi Кiшi жүз ханының ой-мақсаты бойынша тағы да хандық билiк мәртебесiн жоғарлататын едi.

Жақсылық пен жамандық туралы. Қабаған ит
Байдың тоқтауы. Бай туралы тәмсіл
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу