Ерекше дәстүрді қолға алған ауыл

Oinet.kz 27-08-2020 460

Screenshot_25.jpg

Түркістан облысында мәдениетке, рухани құндылық пен жәдігерге бай киелі Сайрам ауданы тағы бір жаңа бастаманы қолға алды. Сайрам ауданына қарасты Қарамұрт ауылында елде жоқ ерекше дәстүрдің жалғасып келе жатқанына талай жылдың жүзі болған.  Ауылда "ең көрікті көше", "ең үлгілі аула" деген сияқты атаулармен жарыса тіршілік кешетін дәстүр бар. Бір ерекшелігі, ауылға көрік беретін ондай  дүниелер көп жағдайда ауыл тұрғындарының өз күшімен атқарылады. Соның бір айғағы, Ұлы Абайдың 175 жылдығына орай көшелерге  кемеңгер ақынның барлық қара сөздері жазылып, ілінген. 

"Біздің ауылдың бір ерекшелігі, көп жағдайда ортадан бірігіп, ортақ нәрсені жасауға ұмытылып тұрамыз. Бұл тақтайшалар да тұрғындар көмегімен жасалды. Бұл бізде үрдіске айналған", - дейді Қарамұрт ауылының әкімі Мамуржан Нажиев . Өте көрнекі етіп ілінген бұл жазбалар көшеге  тек көрік беріп қана тұрған жоқ. Сонымен қатар Абай бабамыздың бұл даналық сөздері  біз сияқты жастарға   үлкен ой салып,  мықты тәрбие құралына да айналып отыр дейді, - жас ұрпақтар. "Біз жастар көшеде көбіне жаяу жүреміз. Сонда  Абай атамыздың осы сөздерін оқығанда, барлық нәрсеге ұқыппен, сабырмен қаруды ұғынып, тіпті,      қолымыздағы болмашы нәрселерді кейде көшеге тастай салуға ұяламыз", - дейді ауыл тұрғыны. "Қарамұрттың қай көшесіне барсаңыз  да тап-  таза,  әрі жинақы. Және өсіп тұрған сан алуан өсімдіктер. Ал енді оған қосымша ілінген мына жазбалар, шындығында  өзгелердің үлгі алатындай–ақ  іс  екен.


Қазығұртта тындырымды тірлік көп
«Түркілер төрі Түркістан» кітабы жарық көрді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу