Фемицид деген не?

Oinet.kz 01-09-2020 1356

Әлемнің әр бұрышында әйелдер жыныстық дискриминацияға ұшырайды. Қаншасы әлемге үн шығарғысы келмесе, қаншасы ешқандай көмек болмасын бұрынырақ түсінген. Тағдырына өлім үкімі оқылғандай түнеріп таяқ астында қалған тәні демесең, дүниеде жансызданған. Әлемде жыл сайын 50 мыңға жуық қыз-келіншек танысы мен туысының зорлық-зомбылығынан қайтыс болады.

 Әйел өлімінің шығу себебіне байланысты өлім актлерінен бөлек қарастыруға болады. Жалпы, 2017 жылы 87 мың әйел кісі қолынан қаза тапты. Сол жылы дүниежүзінде қарулы қақтығыс нәтижесінде 89 мың адам қайтыс болған. Мұндай мәліметтер БҰҰ Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының  2019 жылғы жариялаған баяндамасында келтірілген.

image.png

Фемицид – өткен ғасырдың жетпісінші жылдарында әйелдердің өлтірілуін басқа қасақана зорлық-зомбылық әрекеттерінен ажырату үшін пайда болған термин. Тоқсаныншы жылдары тұжырымдама  негізінде "әйелдерді жеккөрушілік,  ләззат алу немесе меншігім деп қарайтын ер адамдармен өлтіру" дегенді білдіре бастады. Бүгінгі таңда терминнің ең кең түсіндірмесі Вена Фемицид декларациясында ұсынылған (айтпақшы, тек 2013 жылы қабылданған). Онда, бұл әйелді серіктес тарапынан зорлық-зомбылық салдарынан өлтіру туралы; мизогинияның көрінісі; " құрмет үшін"; қарулы қақтығыстар кезіндегі қасақана әрекеттер.

Фемицид (ағылшынша femicidio) немесе  (испанша feminicidio-дан) – жыныстық  және гендерлік жеккөруден туындаған қылмыс атауы. Түбірі әйел болғандықтан, әйелдерді (қыздарды ) қасақана өлтіру ретінде белгілі.  

                 Аспанда күн жоқ

image.png

Биыл 11 сәуір күні БҚО Тасқала ауданы Ақтау кентінде 30 жастағы Жадыра Жұмалиеваны 8 жасар қызы Инабат және 6 жасар қызы Айшамен бірге жерледі. 8 сәуір күні түнде олардың жанып кеткен денелері өртенген үйдің қирандылары астынан табылған. Батыс Қазақстан облысындағы ауданаралық арнаулы соттың судьясы Бақыт Ермаханов 30 шілдеде Серік Кафизовке үкім шығарды. Ол "Қатыгездікпен кісі өлтіру" және "Қасақана біреудің мүлкін бүлдіру" баптары бойынша өмір бойына түрме жазасына кесілді. Серік Кафизов өмірлік түрме жазасынан бөлек, марқұм Жадыра Жұмалиеваның ата-анасына 48 миллион теңге (45 миллион теңге – моральдық, үш миллион теңге – материалдық шығын) өтемақы төлеуге міндеттелді.

image.png

Кафизов сотта әйелі мен балаларын өлтіргісі келмегенін, үйдегі өрт "байқаусызда" шыққанын айтты. Сөзінше, ол Жадыраны қорқытпақ болып, өзімен бірге жанармай мен сіріңке алып барған. Бірақ "жанып тұрған сіріңке байқаусызда бензин құйылған бөтелкеге түсіп кеткен". Айыпталушы өрт басталғанда үйден жүгіріп шығып үлгергенін, денесінің кей тұсы жеңіл күйгенін, бірақ әйелі мен қыздарын "құтқара алмағанын" айтып, ақталған. Мамандар Кафизовтен психикалық ауытқушылық таппаған. Сот Жадыра күйеуінен таяқ жегенін айтып, бірнеше рет арызданып барған полиция қызметкерлеріне қатысты "алдын-алу жұмыстарын нашар жүргізгені үшін" жеке қаулы шығарды.

"Мен 10 жастамын, және мен ажырастым"

Йемендік Нуджуд Али  9 жасында тұрмысқа шыққан. Ата-анасы баланың еркімен санаспай,  ересек еркек қауіпсіздігін қамтып, жақсы болашақ сыйлайды деп сенгенін   жеткізген. Некеде зорлық көріп, қалауынан тыс қалған Нуджуд секілді йемендік қыздар өте көп.  Тұрмыс теперішіне төзбеген бүлдіршін ажырасуға арыз беріп, басына бостандық ала білген.  Бұл жағдаят әлем елдерінің назарын аударды. 

Нуджуд Али 1998 жылы Йеменде дүниеге келген.Елдегі салтқа байланысты алғашқы етеккір циклінде ( 9 жасында )  30 жастағы курьерге ұзатылады. Оның отанында қыздардың жартысынан көбі 18 жасқа дейін отбасылық өмірге бейімделеді. Нуджудтың отбасыда 16 бала болды. Себебі, қыздың әкесі екі әйелімен бірге тұратын. Көп баланы асырауға қиынсынған болар, әкесі қызын тым ерте тұрмысқа берді.  Неке шартының талабына сай Нуджудтың жары қызға әкесіндей қамқор болып, 18 жасқа дейін жақын қатынаста болмау керек еді. Алайда, күйеуі баланы ұрып-соғып зорлық көрсеткен.   Үйлену тойынан екі ай өткен соң, Нуджуд тиран күйеуінен қашып құтылады. Әкесінің екінші әйелінің кеңесі бойынша ол сотқа жүгініп, ажырасуға бел буады. Соттың әділетсіздігі сол, қыз экс ерінің  отбасына 200 АҚШ долларына тең моральдық зиян өтеуге міндеттеледі. Нуджудтың адвокаты еш саспай қаражатты өзі төлейді.  Нуджудқа адвокаттық еткен Шада Нассер – Йемен тарихындағы алғашқы заңгер әйел. Ол Чехияда жоғары білім алып, оқуын аяқтағаннан кейін отанына оралған. Нассер1996 жылы үш әріптесімен бірге әйел құқығын қорғаумен айналысатын заң фирмасының негізін қалайды. Ол Нужудтың ел тарихындағы алғашқы ресми ажырасқан кәмелетке толмаған бала болуына қол жеткізді. 

2008 жылы Нассер мен оның шәкірті GLAMOUR журналының нұсқасы бойынша «Жылдың әйелі» деп танылды. Олардың ғажайып жеңісі туралы бүкіл әлем жарыса жазып, ақпарат таратты.  Йеменде балалар некесінің негізгі себебі – кедейлік. Елде еңбекке қабілетті тұрғын жылына орта есеппен 900 доллар табады. Бұл ақша үлкен отбасын асырауға жеткіліксіз. Қызы неғұрлым ерте тұрмысқа шықса, әкесінің қамқорлығында ұрпақтар аз болады. 

image.png

Нуджудтың ерте тұрмысққа шғуыа тағы бір ықпал – отбасы «абыройы». Нуджудтың бір әпкесін зорлап, екіншісін бегісіз адамдар ұрлап кетеді. Бұл трагедияның кіші қызда қайталамауын қалаған ата-ана қызынан құтылуға асық болды. Тұрмысқа шыққан Нуджуд ата-анасы кімнен қорғағанын ұқпай дал олады: сол қорлық, сол зорлық. Тұрмыстық өмірі туралы Нуджуд былай айтқан: Нужуд пен оның адвокаты Шада Нассер 2009 жылы  Француз журналисті Дельфин Минуамен бірігіп "Мен 10 жастамын, және мен ажырастым"  кітабы жарық көрді. Сол кезде қыз отбасымен бірге қайырымдылық жасаушылар сатып алған жаңа үйде тұрды. Баспагерлер өмірбаянды сатудан түскен кірістің бір бөлігін оның оқуына ақы төлеу үшін Әкесі Нуджудтың шотына аударды. Нужуд АҚШ-қа барып, онда ол Glamour журналынан сыйлық алып, Хиллари Клинтонмен кездесті. 

Оқиға ел ойлағандай «Happy end» бола қоймады. Нуджуд  2013 жылы әкесінің үйден қуы шыққанын, қызының оқуы үшін шотына түскен қаржыға үшінші рет неке қидырғанын елге жариялайды.  Нуджудтың сіңілсі Хайфу да отбасының материалдық жағдайын  жақсарту үшін ересек адамға тұрмысқа шығады. Нуджуд мектепке баруды мүмкіндігінен айырылады. Двокат Шада Нассер қыздың туыстары оны қолдамағанын, оның атағын өз мәселелерін шешуге қолданғанын жеткізген.  Нуджуд оқуын аяқтаған жоқ. Есімін  Ножум деп өзгертіп 2014 жылы қайтадан ұрмс құрды. Қазір екі қыздың анасына атанған. Йеменде азаматтық соғыс болып жатқанда, ол туберкулез дертіне шалдығады. Оған елінде көмек көрсете алмаған соң, Сауд Арабияға қоныс аударады. Нуджудтың содан кейінгі өмірі жайлы ақпар тұманға сіңгендей белгісіз. 

P.S. Әлемде әйел болып туылуға қиын елдер көп. Еліміз де фемицид орын алатын аймақ қатарында. 

Танымал автордың махаббат хикаясы
Фильм үшін адам танымастай өзгерген актерлер
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу