Балаға мектепте сыныптастары тиісе берсе не істеу керек?

Oinet.kz 14-12-2019 2869

Менің ұлым тоғызыншы сыныпта оқиды. Соңғы кездері оның сабақтан тым көңілсіз оралатынын байқадым. Бірде екеуіміз оңаша сөйлестік. Сонда ол сыныпта достарымен отырғанда әңгімеге қосылып, өз ойын білдіргенде  барлығы оның үстінен күліп, мазақ етіп, әр сөзіне килігіп шыға келетінін айтты. Сыныптастарының шеттететінін де жасырмады.  Осы жағдайдан кейін ұлыма мұндайда өз-өзін қалай ұстау керектігін жаймен түсіндіруге тырыстым. Барлығымыз үйде бала тәрбилеп отырмыз ғой. Мен әженің тәрбиесінде өскен адаммын. Әжем ылғи да «ортаңа сыйлы болу үшін өзің де басқаларды сыйлап үйрен» деп айтушы еді. Ұлымның күйін кешіп жүрген мектеп оқушыларына айтарым, мұндай жағдайда кінәні біреуден іздеуге болмайды. Оқушының  сыныптағы дәрежесінің  төмендігі ең бірінші кезекте өзінің кінәсі. Себебі, бала  құрдастарын жеткілікті дәрежеде сыйламайды деген сөз.  

Screenshot_26.jpg

Қатарластардың арасында сыйлы болу үшін, біріншіден,  өзгелерді сыйлап үйрену қажет. Достарға қысыл-таяң сәттерде жәрдем беріп, олардан ештеңені қызғанбаған жөн. Адамдардың бойынан кемшілікті емес, артықшылықтарды байқап үйрену маңызды. Егер біреуге сіздің жақсылығыңыз өтсе, онда ол адам сізді сыйлауға тырысады. Ал олардың арасында сөзіңіздің өтімді болуы үшін әрқашан берген уәдеңізде тұрып, ешқашан алдамаңыз. Егер жалған сөйлейтін болсаңыз достарыңыз сізге сенуден қалып, сөзіңізге құлақ аспайтын болады. Бір сөзбен айтқанда құрдастарының ықыласына бөлену тек адамның өз қолында. Осы ретте ата-аналарға да айтар кеңесім - егер балаңыз сізге осындай арыз айтып келсе, екі қолыңызды беліңізге таянып, мектепке барып, балаңыздың сыныптастарымен, ұстазымен «неге менің баламды шеттетесіңдер?» деп шу көтермеңіз. Бұл балаңыздың абыройын одан әрі төмендетуі мүмкін.   

Айзада Қалменова,

Алматы қаласының тұрғыны

«Алашорда. Желтоқсан.Тәуелсіздік.»
Еліміздегі жекеменшік телеарналардың көпшілігінің қазақшасы 30 пайызға да жетпейді...
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу