ТОП-25: Қазақстандағы ең ықпалды әйелдер рейтингі шықты

Oinet.kz 09-09-2024 477

Forbes Woman Kazakhstan алғаш рет Қазақстандағы ең ықпалды әйелдерінің рейтингін жариялады, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. 

Screenshot_12.jpg

ҮЗДІК ӘЙЕЛДЕР ҚАЛАЙ ІРІКТЕЛДІ?

Forbes USA 2004 жылдан бері әлемдегі ең ықпалды әйелдердің жыл сайынғы рейтингін жариялады. Forbes Woman Kazakhstan үшін 2024 жыл Қазақстанның ең ықпалды әйелдерінің бірінші рейтингімен ерекшеленді.

Forbes Kazakhstan рейтингі бойынша редактор Ардақ Бөкеева әріптестерімен бірге үлкен жұмыс атқарған. Лонг-листке Қазақстанның 110 танымал және ықпалды әйелі кірді, олардың ішінен 42 қатысушы іріктелді. Бұл тізімді сарапшылар алты балдық шкала бойынша бағалаған.

Қазақстанның ең ықпалды әйелдерінің бірінші рейтингінде орташа жас көрсеткіші - 51 жас. Барлығы 25 қатысушы таңдалды.

ЖАҢА ЕСІМДЕР, ЖАСТАР

Үміт Шаяхметова рейтинг көшбасшысы атанған.

Қыркүйек айындағы журналдың мұқабасында - рейтингтің 12-орнына тұрақтаған 37 жастағы адвокат Жанна Уразбахова. Ол Салтанат Нүкенованы өлтіру ісінен кейін кеңінен танымал болды.

Журнал осы жолғы шығарылымында ғылым және адам құқығы секілді салалардағы әйелдермен сұхбат жариялады. Кейстер қатарында “Қазпошта” басқарушысы Әсел Жанасованың тәжірибесі талқыланады.

ҒАЛЫМ ӘЙЕЛДЕР ДЕ БАР

Сондай-ақ басылымның бұл санынан ҚР Президентінің ғылым және инновация мәселелері жөніндегі кеңесшісі, ковидке қарсы қазақстандық вакцинаны жасаған профессор Күнсұлу Закарияның сұхбатын оқи аласыз.

Ахмет Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының директоры, ғалым-филолог Анар Фазылжановамен бірге қазақ тілінің электронды корпусы құрылып, 2024 жылдың қыркүйегінен бастап Оксфордта қазақ тілін оқыта бастайды.

СОНЫМЕН, ТІЗІМ ТӨМЕНДЕГІДЕЙ

ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ 20%

  • Динара Смайылова

  • Зәуреш Батталова

  • Жанна Оразбахова

  • Бақытжан Төреғожина

  • Эльвира Асимова

МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ 16%

  • Мәдина Әбілқасымова

  • Тамара Дүйсенова

  • Аида Балаева

  • Раушан Қажыбаева

КВАЗИМЕМЛЕКЕТТІК СЕКТОР 12%

  • Ләззат Ибрагимова

  • Наталья Годунова

  • Әсел Жанасова

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ 12%

  • Аружан Саин

  • Анар Рахымбаева

  • Қарлығаш Ізбастина

ҚАРЖЫ 12%

  • Әлия Айдарбекова

  • Алина Алдабергенова

  • Әсел Мұқажанова

БИЗНЕС 12%

  • Үміт Шаяхметова

  • Әсел Тасмағамбетова

  • Гүлнар Досаева

БАҚ 8%

  • Гүлнар Бажкенова

  • Самал Ибраева

ҒЫЛЫМ 8 %

  • Кунсұлу Зәкария

  • Анар Фазылжанова

«ТАУ ӘЙЕЛДЕР»

Әлемдегі ең биік тау шыңдарын бағындыратын Орталық Азия мен Қазақстанның көрнекті әйелдері туралы материалдар жарияланған айдарды журнал басшылығы «Тау әйелдер» деп атаған екен.

«Менің ойымша, журналдың күзгі шығарылымы шабыттандырды. Біздің рейтингіміз Қазақстандағы әйелдер көшбасшылығы мәселелеріне назар аударады, әйелдердің бизнесте, ғылымда және қайырымдылықта мықты жобалар жасай алатынын, сонымен бірге нәзік және әдемі бола алатынын көруге көмектеседі деп үміттенеміз», - дейді Forbes Woman редакциясының директоры Зүлфия Хайбуллина.

«Қазынаны жеген банкирлер»: Бір кездері дүркіреген банкирлер қазір қайда?
Индустриалды аймақтың аумағы кеңеймек
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу