Тағы да референдум - тағы да шығын

Oinet.kz 06-09-2023 2200

Қазақстанда атом электр стансасын салу мәселесі жалпыұлттық референдум арқылы шешілетін болды. Жолдау президент осылай деді. 

Screenshot_10.jpg

- Атом энергетикасын дамыту аса маңызды экономикалық және саяси мәселеге айналды. Атом электр станциясын салу қажет пе, жоқ па деген сауалға қатысты түрлі пікір бар екенін білесіздер. Қазақстан – әлемдегі ең ірі уран өндіруші мемлекет. Ендеше өз жерімізде атом станциясын салуға әбден қақымыз бар. Кейбір сарапшылар шағын ядролық станциялар салу керек деген пікір айтады. Алайда көптеген азамат пен бірқатар сарапшылар ядролық станцияның қауіпсіздігіне күмәнмен қарайды, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы Семей полигоны халқымызға қаншама қасірет әкелгенін ескерсек, олардың күдігін түсінуге болатындығын баса айтты.

- Сондықтан бұл мәселе бойынша қоғамдық тыңдауларды, егжей-тегжейлі, кең ауқымды талқылауларды жалғастыруымыз керек. Біз маңызды стратегиялық мәселелерге қатысты түпкі шешімді референдум арқылы қабылдауымыз қажет. Бұл – 2019 жылы сайлау алдында менің халыққа берген уәдем. Атом электр станциясын салу немесе салмау мәселесі – бұл еліміздің болашағына қатысты аса маңызды мәселе. Сондықтан оны жалпыұлттық референдум арқылы шешкен жөн деп санаймын. Нақты мерзімін кейін анықтаймыз, - деді Президент.

Былтыр маусымда өткен Конституцияға енгізілген өзгерістерге байланысты өткен референдумға бюджеттен 16 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінген болатын. Бұл жолғы науқанға да осыншама шығын жұмсалады деген сөз.

Жас кадрлар сенімді ақтамады
Қайрат Боранбаевтың туысы сотталды: Істің мән-жайы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу