Қазақша сөйлей алмаған жас министр депутаттан оңбай сөз естіді

Oinet.kz 03-02-2021 2103

Мәжілістің жалпы отырысына министр ретінде алғаш рет қатысқан Әсет Ерғалиев депутаттан сөз естіді, деп хабарлайды Oinet.kz. 

Ерғалиев пен Дүйсенбинов.jpg

Басылым мәліметінше, ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев жергілікті биліктің дербестігі мен жауапкершілігін кеңейтуге арналған өзгерістерді таныстырған. Ол сұрақ-жауап кезінде мемлекеттік тілде қойылған сұрақтарға алдымен бір-екі сөйлеммен қазақ тілінде жауап беріп, артынан ресми тілге көшкен. Осыдан кейін депутат Берік Дүйсенбинов министрге ескерту жасаған. 

- Сіз бүгін алғаш рет 30 жылдық тәуелсіздігі бар тәуелсіз мемлекеттің мәжілісіне келіп тұрсыз. Бірақ қазақша қойылған сұрақтардың барлығына еш рұқсат сұрамай, сырғып орыс тіліне қарай ауысып кеттіңіз. Сіз жасыңызға қарамай, 18 миллион адамның ішінен министр болуға жараған екенсіз, жасыңыз да тәуелсіздікпен шамалас. Бірақ өз ана тіліңізде жауап бермегеніңіз ұят деп санаймын. Сол себепті келесі отырыста қазақ тілінде, ана тілінде қойылған сұраққа өз тіліңізде жауап беріңіз, - деді ол. 

Мәжіліс төрағасы да депутаттың айтқанын құптайтынын жеткізді. 

- Айтқан сөзіңіз орынды, - деді Нұрлан Нығматулин. 

дереккөз: Sputnik Қазақстан

Әліпбидің жаңа нұсқасы көңілден шықты ма?
«Кешке бәрін шешем»: Шымкенттің әкімі автобус жүргізушілерімен кешке сөйлесетін болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу