Жанысбек Өтеген: Егер тұрғын үй керек болса неге "Шымкент ситиді" бітірмейді?

Oinet.kz 28-01-2021 1856

OINET.KZ - Тұрғындар арасында үлкен резонанс тудырған үшінші мегаполистегі ипподромның «жыры» әлі бітпей тұр. Шаһардың тарихи әрі маңызды нысаны сүріліп, орнынан тұрғын үй орамының бой көтеруіне қарсылар да, қолдаушылар да ортақ келісімге келе алмауда. Осы мәселе төңірегінде Шымкент қаласы қоғамдық кеңесінің мүшесі Жанысбек Өтегеннің пікірін білген едік.

Жанысбек Өтеген.jpg

Әкімдік мамандары жобаның  қаржылық жағын ғана есептеп отыр

– Жалпы бізде жобалардың көбісі аяқсыз қалып кететіні жасырын емес. Әншейін жұртты алдап, алдын-ала мемлекеттен ақша бөлдіріп алады да, соңында дымсыз қалады. Қайбір жылдары қалада  «шатқалдарды» да салып еді. Сол кезде сушығардың өзіне 600 миллион теңге бөлінген болатын. Енді міне, су да жоқ, ақша да жоқ.  Шатқалдар қараусыз жатыр.  Қазір үкімет халықтың мүддесін емес бірінші орынға табыс әкелетін жобаларды қоятын болды. Ипподромның жайы да осы жағдайға келіп тұрған жоқ па? Құрылыс компаниясы 135 миллиард теңгені бекерден бекерге құйып отырған жоқ. Бұл батпан құйрықты компания ертеңгі күні екі еселеп өндіріп ала алмайтын болса атшабардың жеріне көз тікпес еді. Әкімдік мамандары бұл жобаның тек қаржылық жағын есептеп отыр. Ал халықтың, экологияның жайына бас қатырып отырған жоқ. Егер тұрғын үй салу керек болса неге «Шымкент ситиді» бітірмейді. «Ескі қалашық», «Қошқар ата» өзенінің жағалауына да баспана салуға болады. 

Ипподромның орнына тұрғын үй орамын салу расында  да қоршаған ортаға зиянын тигізеді. Архитекторлар бекерден-бекерге байбалам салып жатқан жоқ. Мамандарға құлақ асу керек. Ал бұл жобаны қорғаштағандар  алған сый-сыяпаттарына мәз болып, алданып отыр.

Нұрлан Бекназаров, сенатор: 4-5 адам айтты екен деп, жобадан бас тартуға болмайды
Шымкентте корпорация басшысы өзіне қазақша сөйле деген кісімен сөзге келіп қалды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу