Қазақстанда кейбір ауылдарда тұратын адам қалмаған

Oinet.kz 10-06-2019 835

Screenshot_19.jpg

Солтүстік Қазақстан облысында бір жыл ішінде 4 ауыл жабылған. Себеп ауылда тұратын адам қалмаған, халық басқа жаққа көшіп кеткен. Орталық коммуникациялар қызметінде өткізген брифингте аталған облыстың әкімі Ерік Сұлтановтың айтуынша, қоныс аудаорушылардың көбеюі солтүстікте кәдімгідей күрделі мәселеге айнала бастаған. 

 Өткен жылы облыстан 22 мың адам көшіп кеткен. Ал сырттан көшіп келушілердің саны  19 мың адамды құрайды. Дегенмен, көшіп кеткендердің саны жыл сайын 1 пайызды құрап отыр. Халықтың азаюынан кейбір елді мекендер  жабылған.

-Егер өткен жылы облыста елді мекендердің саны 678 болса, биыл олардың саны 674-ке қысқарған. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес еңбек күші көп оңтүстік өңірлердің тұрғындарын солтүстікке көшіру жұмыстары қолға алынған. Бұл жұмыстар тиімді жүргізілді. 110 үй дайындалып, оларға қазірдің өзінде 18 отбасы көшіп келді. Жұмыстар жүргізіліп жатыр, – деді Ерік Сұлтанов.

Ал оңтүстіктен солтүстікке бет түзеген көштің қарасы молайып келе жатыр. Өткен жылдың маусым айында Шымкентке Солтүстік Қазақстан облысының арнайы делегациясы келіп, жұмысқа қабілетті азаматтарды солтүстікке қоныс аударуға шақырған болатын. Облыс әкімі баспасөз қызметінің таратқан мәліметіне қарағанда, делегация жай ғана шақырып қана қоймай ниет білдірушілерге бірқатар әлеуметтік көмектердің берілетінін айтқан. Мәселен  жұмыс берушілердің есебінен 53 тұрғын үй, 3 пәтер, жатақхана берілетінін мәлім етті. Осыдан кейін облыс әкімінің орынбасары Е.Айтахановтың жетекшілігімен арнайы топ Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барып, сондағы 13 ауданның еңбек нарығындағы жағдаймен танысып қайтқан. Осы сапарлар жемісін бере бастады.

 Биыл Оңтүстік Қазақстан облысынан Солтүстік аймаққа 400-ден астам отбасы қоныс аударуы мүмкін. Нақтырақ айтсақ, 458 отбасының 50-і, яғни 200-ге жуық оңтүстікқазақстандық Солтүстікке көшіп, «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы арқылы жұмыспен, баспанамен қамтылған. Ал қалған отбасылар үшін Солтүстік Қазақстан облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы тарапынан тиісті жұмыстар қарастырып, құжаттарын реттеуде. Бүгінде оңтүстіктен солтүстікке көшкен азаматтардың дені құрылыс, білім беру, ауыл шаруашылығы мен медицина салаларында еңбек етуде.

Мұрағаттан, 2016 ж

«Дос-Мұқасан» әншісі жастардың тәрбиесіне көңілі толмайтынын айтып, ата-аналарды кінәлады
Путин Ленинді не үшін жақсы көрмейді?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу