Slime ойыншығы бала денсаулығына қауіпсіз бе?

Oinet.kz 22-04-2019 1417

image_l (59).jpg

Қазір инстаграмнан #slime хэштегімен шамамен 10 миллиондай нәтиже көруге болады. Бұл біртүрлі ойыншықтар туралы бар шындықты ұсынамыз. «Slime» сөзін ағылшын тілінен аударғанда «шырыш» дегенді білдіреді. Адамдар бұл негізді өз қолымен жасайды, сосын сол қолдарымен оны илейді, жыртады және созады. Ол босаңсытып, күйзелісті түсіреді деп айтылады. Егер слаймды өзі жасағысы келмесе, оны дүкеннен немесе интернеттен сатып алуға болады. Интернетте оны жасаудың көп әдісі бар. Бірақ ең оңайы былай жасалады: ПВА желім, кір жуатын сұйықтық және су керек. Кейде сұйықтықтың орнына қырынуға арналған көбік, сусабын, тіс пастасын және т.б қолданады. Слайм әдемі болу үшін оған бояу, жылтыр, моншақ және т.б ұсақ ойыншықтар қосады. Мына ингредиенттері бар рецептілер жиі кездеседі: - Бура – бор қышқылының натрий тұзы; - Гуар шайыры – аспаздық қосымша, қоюландырғыш; 

- Метилцеллюлоза – сүректен алатын тағы бір қоюландырғыш; - Жүгері крахмалы; - Желатин. Ол қауіпті болуы мүмкін бе? Иә, ғалымдар слаймдардың улы түрлері де бар екенін айтып, ескерту береді. Кей ингредиенттер іш өту, күйік, жүрек айну, құсу немесе іштің шаншуын туғызуы мүмкін. ПВА желім: Негізі ол қауіпсіз өнім саналғанымен, оны өндірушілер желіммен жұмыс істегенде бөлме жақсы желдетілуін, қорғаныш көзілдірігі мен қолғабын кию керектігін ескертеді. Баланың желімді жұтып қоймауын қадағалау керек. Одан кейін баланың басы айналуы, лоқсуы және басы ауруы мүмкін. Бура: Ол көз шырышының тітіркенуіне ықпал етуі мүмкін және ол балалар мен жүктілер үшін улы саналады. Британиялық ғалымдар дүкендегі слаймдардың құрамын зерттегенде 11 түрлі ойыншықтың сегізінде бура мөлшері қауіпсіздік шегінен асып кеткен. Табиғи құрауыштар: Крахмал мен желатинде бактериялар мен саңырауқұлақтар көбейеді. 

Сондықтан, мұндай ойыншықтың жарамдылық мерзімі өте аз: бірнеше сағаттан бірнеше күнге дейін ғана қолдануға болады. Әйтпесе, бала уланып қалуы немесе ауру жұқтырып алуы әбден мүмкін. Слаймдардан толықтай бас тарту керек пе? Жоқ, тек қауіпсіздік техникасын сақтау жеткілікті: - Онымен ойнау уақытын шектеңіз. Әсіресе, ойыншықты интернеттен сатып алсаңыз, құрамы сенімсіздік тудырады. Егер қол терісінде жарақат болса, слаймды қолға алмаған жөн. - Оны 3 жасқа дейінгі балаға бермеңіз. Себебі олар барлығын ауызға салуға үйір болып келеді. - Егер слаймды табиғи құрауыштардан дайындасаңыз, оны тоңазытқышта сақтаңыз. Егер жағымсыз иіс шыға бастаса, оны бірден лақтырыңыз. - Баланың мұндай ойыншықтармен ойнауын бақылаңыз. Бөлменің желдетіліп тұрғаны жақсы және ойнау кезінде қолын ауыздарына салмауын сұраңыз.
Дереккөз: massaget.kz

Жалғыздық қорқынышынан қалай құтылуға болады?
Сарапшылар бір бөлмелі пәтерде тұрудың қаупін айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу