Әйел адамдарға ұнамайтын сыйлықтар

Oinet.kz 22-04-2019 1367

image_l (45).jpg

Туған күн кешіне барарда ең бірінші ойымызға «нендей сыйлық алып барамын», «не киіп барамын» деген секілді ойлар келеді. Туған күн иесіне не ұнайтынын еске түсіре бастаймыз. Кей кезде таңдау жасай алмай қиналып қалатын да кездеріміз болады. Әйел заты сыйлық алғанды өте жақсы көреді. Сыйлық сыйлана қалса, маған деген ықыласы, шын көңіл бөлуі деп түсінеді. Сондықтан да қыз-келіншектерге сыйлық аларда мағыналы, белгілі бір жақсы ниетті жеткізе алатындай сыйлық алған жөн. Әр сыйланған сыйлық шын жүректен болса, сыйлық алушыға жарқын көңіл, қуаныш сыйлайды. 8-наурыз қарсаңында ер адамдар өз жарларына, жақындарына сыйлық іздей бастайды. Көңілден шығатындай жақсы сыйлық жасасам деп ойлайды. Сонымен сыйлықтар сырына тоқталайық. Сыйлық алмас бұрын қандай сыйлық түрі жақсы соны ойланамыз. Алдымен, әйел затына не ұнамайды соны біліп алған жөн. Қыз-келіншектерге сыйланатын ең сәтсіз сыйлық – үй жануарлары. Әйел адамдардың жартысына жуығы бұл сыйлық түрін құптамайтын болып шыққан. Мұндай сыйлықты алдын-ала ескертусіз сыйламаған жөн. Ол адамның үй жануарларына аллергиясы бар шығар, мүмкін мүлде ұнамайтын шығар. Әрі беріден соң үй жануарларының жауапкершілігін мойнына алуаға дайын емес те болар. Ең сәтсіз сыйлықтың 2-орнында спорттық құралдар тұр. Сыйлық алатын адам спортпен шұғылданатын болса жөн, егер ол толықтау келген немесе спортқа аса көңіл бөлмейтін жан болса, бұл ойыңызды қате түсініп қалуы әбден мүмкін. 3-орын жұмсақ ойыншықтарда. Жүрек құшақтаған қонжықты көрген әйел адам өзін кішкене мектеп оқушысы деп ойлаған ба деген шешімге келуі мүмкін. Ал, жас қыздарға таптырмайтын сыйлық. Ас үй құралдары әйел адамның орны ас үй екен деп түсіндіріп тұр деген ойға әкелуі мүмкін. Сондықтан да, бұл сыйлық түрі 4-орында. Егер сыйлық алушы өзі айтып, аламын деп жүрген затын ғана алмаса, бұл сыйлық түрі әйел адамға ұнамай қалуы әбден мүмкін. Ақша мен түнгі киімдер 5-орынды алып тұр. Конвертке салынып берілген ақша өзі үшін уақыт бөлмей, жауапкершіліктен қашқан екен деп ойлантып, көңіл-күйді түсіреді. Ал, түнгі киімге келер болсақ, сыйлық сыйлайтын жанның нендей түс пен қандай түрді ұнататынан қателесуіңіз мүмкін. Қазақтың ұяң қыз-келіншектері мұндай сыйлыққа өзгеше көзқараста болары анық. Әр халықтың өзінің ырым-тыйымдары бар. Сол секілді сыйлыққа қатысты да әр түрлі көзқарастар қалыптасқан. Мысалы: Сағат. Сағат сыйлау уақытша кездесудің, айырылысудың белгісі деп қабылданады. Бет орамал. Ауырғанда немесе көз жасын сүртуге арналған кезде ғана бет орамал пайдаланады деген түсініктегі жанға бет орамал сыйламағаныңыз абзал. Ұшты заттар. Жауласудың, араздасудың белгісі ретінде қабылданады. Айна. Әйел заты айнаны өте жақсы көрсе де, айна сыйлана қалса, өзінің теріс пиғылымен келді деген ырымға әбден сеніп қалуы мүмкін. Мойыншалғы. Айырылысу сәтін әкелуі мүмкін деген түсінік бар. Жемчуг. Көз жасын бейнелегендіктен көп адамға сыйлана бермейді. Оның орнына гауһар тас сыйлауға әбден болады. Міне, халық арасында жүрген сыйлыққа қатысты ырымдар легі осылай. Біреулер ырымға сенеді, енді біреулер мәдениеттің қағидаларын ұстанады. Аса талғаммен сыйлық сыйлаймын десеңіз әйел адамға төмендегі сыйлықтарды сыйламағаныңыз жөн. Темекі. Темекі салғыш. Қорқор. Ішімдік. Іш киім түрлері. Жатын бөлме жаймалары. Өз суретіңіз. Үй жануарлары. Безеуге арналған кремдер. Арықтауға немесе мықты болуға арналған журнал, кітаптар. Ас үй жабдықтары. Арзан әшекей бұйымдары. Арзан әтірлер. Қандай сыйлық сыйласаңыз да, сыйламас бұрын сол адамның мінезі мен талғамын біліп алып барып сыйлаңыз. Біреуге ұнаған сыйлық енді біреуге мүлде ұнамауы мүмкін. Сыйлық алатын кезде басты ескеретін нәрсе адамның мінезі, талғамы, өмір сүру салты, мамандығы. Сонымен, әйел адамға ойланбай-ақ сыйлауға болатын сыйлықтар легі; Гүл. Қай қыз-келіншек болмасын гүл десе жүздеріне нұр ойнап, сыйлыққа гүл алғанда ерекше қуанады. Барлық сыйлық атаулының ішінде гүлге жетері жоқ. Гүл өзінің әдемілігі мен керемет иісінің арқасында сыйлық иесіне тамаша шаттық сыйлайды. Гүлге барлық сыйлық атаулы тең келмейді. 

Мысалы, мен жолдасымнан сыйлыққа үй де, машина да, қымбат ұялы телефондар мен қымбат әшкей бұйымдарының барлығын алдым, бірақ 7 жылда алған алғашқы гүлім барлық сыйлық атаулыны бір шетке ысырып тастады. Гүл алғандағыдай керемет сезімді басқа ешбір сыйлық бере алмайды. Әтір. Әтір таңдаған кезде жас пен мінезге көңіл бөлуге болады. Сонымен бірге оның бағасы да көп рөл ойнайды. Барынша сапалы, әрі қымбат әтір алуға тырысыңыз. Кей кезде сол адамды ертіп барған да дұрыс. Әтір сыйланатын кезде біздер бірге барамыз. Бояну құралдары. Шет елде сұрақ жүргізудің арқасында 80 пайыз әйелдер сыйлыққа бояну құралдарын алғысы келетіні анықталған. Біздің елде де қыз-келіншектер қауымы осы сыйлық түрін жек көре қоймасы анық. Бояну құралын сыйлар кезде, адамның түр-түсіне, жасына, бет құрылымына көңіл бөлген жөн. Керамикалық сыйлықтар. Әйел заты әдемілікке құмар келеді. Жоғарыдағы сыйлықтарды таңдау қиынға соқса, әдемі керамика бұйымдарын сыйға алуға әбден болады. 

Өз қолыңызбен жасаған бұйым. Бағалауға тұрарлық сыйлықтар тізіміне жатады. Қолыңыздан сурет салу, ағаш жону, ұсталық секілді өнерлер келетін болса, өз қолыңызбен ерекше бір дүние жасауға болады. Әлемдегі жалғыз заттың тек өзінде болғанына және сіздің оған деген ерекше ықыласыңызды сезген әйел өзін ең бақытты жан ретінде сезінеді. Өлең. Әйел заты құлағымен сүйеді деп бекер айтылмаса керек. Мереке күні айтулы ақынның керемет бір өлеңін жаттап айтып берсеңіз, ерекше сыйлықтың иесі бола аласыз. Өзіңіз өлең шығаратын өнеріңіз болса, тіптен жақсы. Өзіне ғана арналған дүниеге әйел заты ерекше құрметпен қарайды. Қымбат әшекей бұйымдар. Әйел затының ең осал тұсы әшекей бұйымдар. Мұнда көбіне жас ерекшелігіне көп көңіл бөлінеді. Қол өнер бұйымдары. Дәл қазір қолдан жасалған бұйымдар өте бағалы зат болып есептеледі. Ғаламторды ашсаңыз қолдан иіс сабын жасау, сырға жасау, алқа жасау, әдемі кеудешелер тоқу әдістерінің барлығы көрсетілген. Өзіңізге ыңғайлы біреуін таңдап, уақытыңызды бөліп қуаныш иесіне сыйласаңыз ерекше, қайталанбас, әлемдегі жалғыз дана сыйлық болары анық. Мұндай сыйлық кім-кімді де болса шаттандырмай қоймайды. Өмірде сыйлықтар саны өте көп. Ерекше талғаммен таңдаңыз да, сыйлай беріңіз. Не сыйласаңыз да шын жүректен сыйлаңыз, шын жүректен шыққан лебіз арзан сыйлықты да ең керемет ете алады. zharar.com
дереккөз: massaget.kz

Балам сабақ оқымайды
1-2 балаға қарағанда, көп баланы тәрбиелеу оңай
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу