Біз неге өзгенің ісін қайталаймыз?

Oinet.kz 17-04-2019 934

image_l (13).jpg

Челлендж. Флешмоб немесе еліктеу. Бұл ұғымдардың барлығын бір нәрсе байланыстырады – адамдар өзгенің ісін қайталауға әуес. Қазірдің өзінде әлеуметтік желіде #10yearchallenge хэштегімен флешмоб кеңінен танымал. Өзгелердің ісін қайталауға не себеп болады? Айна тәрізді нейрондар: 1992 жылы итальяндық нейробиолог Джакомо Ризолатти ғылымда жаңа ашылуға себеп болды: оны айна тәрізді нейрондар деп атады. Бұл белгілі бір істі қайталағаннан қозу үрдісіне ұшырайтын жүйке жасушалары. Әрине, бұл тақырып төңірегінде көп дау болды. Бірі теріске шығарды, енді бірі қолдады. Дегенмен, біздің әр әрекетіміздің негізгі себебін көрсетете алатын болғандықтан бұл ашылуға қолдау танытқандар басым болды. Табиғат заңдылығы: Әдеттерді көшірудің басты себебі – үйрену. Бала туа салысымен сөйлеп не жүріп кетпейді. Ол барлық әдетті айналасындағылардан үйренеді.  Бұл біздің санамызға әбден қалыптасқан. Біреудің әрекетін көшіруді табиғат заңдылығы деп те атаймыз. Өйткені, эволюция кезінде адамдар өмірден жаңылмау үшін немесе өзгелерден қалып қоймау үшін саналы түрде миымызды бағдарламалаймыз. 

Маркетингтегі нейро: Маркетинг саласында біздің бұл «көшіру» әдетімізді жиі қолданады. Біз біреу ұсынған фильмге барамыз, мейрамхананы таңдаймыз. Жарнамалар қолданатын «халық таңдауы», «сатылым хиті», «кәсіб маман ұсынады» деген тіркестер де осыдан шыққан. Бұны көрген бойда адамның санасы еріксіз түрде оны «сенімді» түрде қабылдайды.   Адамның толы болуы да өзінше әсер етеді. Мысалы, жылда ұйымдастырылатын «Қара жұма» немесе жаңа жыл алды жеңілдіктер кезінде дүкендер мен сауда үйлерінде халық саны артады. «Жұқпалы» айна тәрізді нейрондар бұл уақытта белсенді жұмыс жасайтыны сонша, адамға «мен өзгеден қалмауым керек» деген ой келеді. Бұны – эволюция барысында қалыптасқан өзін қорғау тәсілі деп те атайды. 

Кез келген үлгі – жұқпалы. Фильм қарау, кітап оқу, адамдармен қарым-қатынас тек уақыт өткізудің амалы ғана емес, біздің өз бойымызға қалыптастырып жатқан әдеттердің бастамасы. Кейін менде мынадай әдет жоқ еді, қайдан пайда болған деп таңғалып жүрмеу үшін, айналаңыздағы адамдар мен бос уақытта айналасатын әрекеттерге бір уақыт назар аударуды ұмытпаңыз. 
Дереккөз: massaget.kz

Алматыдан Шымкентке 5000 теңгеге ұшуға болады
Көпшіліктің назарын аударудың әдістері
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу