Миллиардердің 5 ұстанымы

Oinet.kz 12-04-2019 1295

image_l (7).jpg

Марк Кубан – кез келгенді үлкен белестерге ынталандыра алатын адамның бірі. Ол - өте бай әрі ақылды кісі. Уақытын басқара білетін, болашаққа нақты жоспары бар, мақсатқа ұмтылғыш адам. Сол себепті бұл кісіні өмір жолында табысқа жеткізген ұстанымдарын назарларыңызға ұсынамыз. 

1. "Біреу сізден асып түсу үшін тәулік бойы тапжылмай жұмыс істейді деп ойлаңыз. Сонда сіз де ерінбей, еңбектенуге ұмтыласыз". Мүмкін қазір сіздің жағдайыңыз нашар болар. Бірақ қол қусырып отырғаныңызда біреу сіз аңсаған арманды орындаудың амалын ойластырып, күні-түні жұмыс істеуге тырысуы мүмкін екенін ұмытпаңыз. Бұл ой сізді бәсекелестеріңізден озуға ынталандырып, мақсатыңызға жетелейді. 

2. "Армандап, жата бермей, әрекеттеніңіз!". Бала күнімізден бері біз үнемі "Арманда, арманыңнан айырылма!" дегенді естіп келеміз. Алайда тек армандап қана қоймай, оны орындау үшін еңбектену керектігі сирек айтылады. Дәрігер болуды армандайсыз ба? Медициналық институтқа түсіңіз. Қалғаны өз қолыңызда. Журналист болуды армандайсыз ба? Қалам алып, жақсы мақала жазуға тырысыңыз. Егер тек армандап, еш әрекетсіз жата беретін болсаңыз, ештеңеге де жете алмайсыз. Ойға келген идеяны іске асыруға тырысыңыз. Бұл сізді күндердің күнінде мақсатқа жеткізетіні сөзсіз. 

3. "Стақанның жартылай толы не бос екені маңызды емес. Ол стақанға суды кім құяды? Сол маңызды". Өмір жолында қанша қиындық, кедергі кездессе де, эмоция, шешім мен көзқарасыңызды билей біліңіз. Сондықтан өміріңіз қанағаттандырмайтынына қапаланудың орнына оны қызықты, мәнді етудің жолдарын қарастырыңыз. Әлгі стақанға суды құятын сіз болғандықтан, оның көлемі қандай болатыны да өз құзырыңызда. Жұмыстағы, үйдегі қиыншылықтар өмірді бос етіп көрсетуі мүмкін. Ал шын мәнінде өмірдің қандай болатыны, тағдырға емес өзіңізге байланысты. Сол себепті эмоцияңызды билеп, дұрыс жолдан таймауға тырысыңыз. 

4. "Адамдар үйреншікті жолмен жүріп, басқа бағыт таңдауға қорқады, тәуекелге баруды жөн көрмейді. Мен ондай адамдармен араласпауға тырысамын". Расында да біреудің жүріп өткен жолы жеңіл болғанымен, зеріктіріп жібереді. Жайлы жерден кетіп, жаңа бағыт таңдаудан қорықпаңыз. Сізге беймәлім жол сан түрлі жаңа мүмкіндікке жетелеп, рухани тұрғыда өсіп, дамуға көмектеседі. Танымайтын дүниеден қашпаңыз. Ақылға қонымсыз идеядан бас тартпаңыз. Бала кезімізден бастап біз қоғамнан бөлініп, өздігімізбен дамуға үйренбегенбіз. Бір нәрсені басқаша жасау қате деп санадық. Алайда бұл - бізге жеке тұлға болып қалыптасуға бөгет ететін амалдың бірі. Басқалардан ерекшеленуге қорқатын уақыт жоқ, өмір қысқа. Сол себепті кім болғыңыз келетінін түсінген бойда сол бағытқа қарай беттеңіз. Кім не десе де, еш сөзін елемеңіз!

 5. "Әрбір "жоқ" деген жауап "иә" деген жауапқа жақындата түседі". Көптеген адам "жоқ" деген жауапты естіп, жеңілдім деп санайды. Емтиханнан құласаңыз, жұмысқа тұра алмасаңыз, тіпті бір идеяны жүзеге алмасаңыз, бәрін тастап, бұрыла кетуші болмаңыз. Әдетте бұл әрекет әлгі "жоқ" жауабын қайтадан естімеу үшін жасалады. Бірақ "жоқ" деген жауап әлі жеңіліс емес. Керісінше, ол сізді мақсатқа жақындата түседі. Ерте ме, кеш пе сіз дегеніңізге жетесіз.  Міне, миллиардердің бізге берген кеңесі осы. Расында да мәні зор, мағынасы терең ұстанымдар деуге болады. Сіз осы бағытпен жүруге дайынсыз ба? 

Дереккөз: massaget.kz

Ұйықтар алдында айтылатын ертегінің пайдасы бар ма?
Мейірім бар әлемде құдіретті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу