Жатыр мойны обырынан сақтану жолдары

Oinet.kz 05-03-2019 1043

530-1476218530-42d9ba0695.jpg

Елімізде  жыл сайын  650-ден астам нәзік жаратылыс иесіне өлім құштыратын жатыр мойны обыры омыраудың қатерлі ісігінен кейінгі қауіпті онкологиялық аурулар арасында таралуы бойынша екінші орында тұр.

 Аталған қатерлі дертке алып келетін негізгі себептер: жыныстық өмірді ерте бастау, ерте жүктілік пен босану (18 жасқа дейін), кеш жүктілікпен босану (28 жастан кейін), жатыр мойнының жалақ жаралары, жыныстық жолдардың инфекциялары, жыныстық тазалықты сақтамау, темекі шегу тағы басқа.

 Бастапқы белгілері бірден байқалмауы мүмкін. Әйелдердің дәрігерге дер кезінде бармай, көп жағдайда асқынуға жол беріп алулары да сондықтан. Ал етеккірдің ретсіз келуі, жыныстық қатынастан соң қан аралас сұйықтық бөліну, іштің төменгі жағының ауруы қатерлі ісіктің белгілері болуы мүмкін.

 Жатыр мойнының қатерлі ісігі – бүгінде алдын-алуға болатын жалғыз онкологиялық дерт. Әсіресе, бірінші, екінші дәрежеде болған жағдайда ем оңайлықпен қонып, әйелдің денсаулығы қайта қалпына келеді. Мемлекет те дерттің бұл түрін ерекше нысанаға алып отыр. Бүгінде 20-55 жас аралығындағы  әйелдер скринингтік әдіспен тексеруден өткізіліп, онкоцитологиялық мазок алынады. Мұндай тексеруден жергілікті жердегі әйелдер кеңесіне барып кез келген уақытта өтуге болады. Дерт уақытында анықталғандықтан, олардың барлығы да тиісті емін алады. Сондай-ақ, жатыр мойнының эрозиясы мен дисплазия, яғни, жатыр мойнының клеткалары өзгеріске ұшырағандығы анықталса, ондай әйелдер 2 жылға дейін есепке қойылып, тұрақты бақылауда болады. Осы уақыт аралығында емделіп шықса, тіркеуден шығарылады. Жалпы кез келген 20 мен 55 жас аралығындағы әйел жылына екі рет жергілікті әйелдер кеңесіне барып тексерістен өтіп, жоғарыда аталған дерттің бар-жоқтығын анықтаулары тиіс.

Қатерлі дерттен сақтанудың тағы бір шарасы – жатыр мойны обырын тудыратын адамның папилома вирусына қарсы екпе қабылдау.  Екпе қыз баласы 12 жасқа толғаннан бастап, ата-ананың тікелей келісімімен жүргізіледі.

  Дереккөз : anabol.kz


Суды дұрыс тұтыну арқылы қалай емделуге болады?
Қан айналымын жақсартудың 11 жолы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу