Дұрыс тыныс алудың маңызы
Тыныс алу – адамзат өмірінің бірінші және соңғы актісі. Өмірлік маңызды фунция бола отырып, тыныс алу – ағзадағы барлық жасушаларға оттегін тасымалдап, мүшелердің жұмыс қабілетін арттырады. Функция автоматты түрде қызмет атқаратындығына қарамастан, дұрыс дем алу әр адамның өмірін айтарлықтай жақсартады.
Біз қалай тыныс аламыз?
Мұрын жолдары арқылы ауа біздің денемізге өткен кезде, ол ішкі жоғары түтіктері арқылы фильтрацияға ұшырайды, сондай-ақ өкпеге жайлырақ әсер етуі үшін жылиды.
Дұрыс тыныс алу дұрыс өмір үшін түбегейлі маңызға ие.
Әрі қарай ауа жұтқыншақ арқылы адамның ас қорыту жүйесімен түйіскен тыныс алу жолдарына өтеді. Ауа көмейге өтеді, әрі қарай екі бронхаға бөлінетін кеңірдекке содан соң өкпеге жетеді. Бронха ауа шығаратын жолдарға жатады. Кеңірдектің түтікше тәрізді тамырлары арқылы өкпенің тыныс алатын тіндерімен жалғасады.
Негізгі өмірлік маңызы бар фунция
Дем жұту арқылы біз ағзамызды оттегімен қамтамасыз етеміз
Бронха өкпеге бронха тармақтары пішінінде тарамдалып орналасады, аяқ жағында өкпе көбіршіктері орналасады. Солардың қабырғалары арқылы газ алмасу жүреді. Қан оттегін сіңіріп және көмірқышқыл газын бөледі.
Тыныс алу екі қимыл арқылы жүзеге асады: дем алу және дем шығару. Бұл әрекетке диафрагма, өкпенің кеңеюіне септігін тигізетін және кеуде мен құрсақ қуысын бөлетін жұп емес жалпақ бұлшық ет жауап береді.
Дені сау адам физиологиялық тыныштықта минутына орташа есеппен 16-дан 20-ға дейін тыныс алады.
Әрі қарай тыныс алуға кері әсерін тигізетін әртүрлі факторлар ұсынылған:
ауаның сапасы;
жағымсыз әдеттер мен салауатты өмір салтын ұстанбау (диета, аз қимылдау және т.б.);
ағзаға зиянды заттарды тұтыну (шылым, кофе және т.б.).
Дұрыс тыныс алып үйренейік, достар!
Дайындаған: Амангүл Ермеқызы
Дереккөз : anabol.kz