Черчилльдің «ішкі дауысы»
11-01-2024
1. С:Асфендияровтың ата-анасы – Сейітжапар Асфендияров пен Гүландам Қасымова – Әбілқайыр ханның ұрпағы (Әбілқайыр – Айшуақ – Сүйікқали – Асфендияр – Сейітжапар) және Абылай ханның баласы Қасым сұлтан (Кенесарының әкесі).
2. Санжар Петербургте революцияға дейін Императорлық әскери-медициналық академияны аяқтап, әскери дәрігер және медициналық қызмет лейтенанты атағын алған бес қазақтың бірі.
3. Санжардың әпкесі – Умму Гүлсім – революцияға дейін диплом алған алғашқы қазақ дәрігері. Ол Петербургте Әйелдер медицина институтын бітірген.
4. Санжар 1916 жылы көтеріліске шыққан байырғы тұрғындарға қарсы оқ жаудырудан бас тартқан Ташкент жасағының әскери емшісі болған. Халық патшаның бұратана халықты тыл жұмыстарына шақыру туралы жарлығына қарсы наразылық білдірді. Бұйрықты орындамағаны үшін бұл жасақты Термезге жібереді, олармен бірге Санжар да аттанады.
5. 1919 жылы қазан айында Санжар Түркістан АКСР Денсаулық сақтау халық комиссариатына басшылық еткен алғашқы қазақ болды.
6. Санжар Нұрғали Ипмағамбетовпен бірге Бірінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан екі қазақ емшілерінің бірі болған, екеуі де немістерде тұтқында болып, туған жеріне оралған. Мұстафа Шоқайдың естеліктеріне сенетін болсақ, ол революция мен азаматтық соғыстан кейін аман қалған Сейітжапардың жалғыз баласы. Санжардың бауырларының бірі Парижде дарға асылды. Өкінішке орай М. Шоқай оның есімін атамайды.
7. 1931-1933 жж. Аштық кезінде денсаулық сақтаудың халық комиссары қызметінде, сондай-ақ У. Кулумбетов төрағалық еткен Қазақ АКСР ХКК жанындағы Төтенше санитарлық-эпидемиологиялық үштіктің мүшесі бола тұра, қазақ ұлтының генофондының сақталуына елеулі үлес қосқан.
8. Қазақ медицина институтының алғашқы ректоры және ұйымдастырушысы.
9. Санжар Асфендияровтың бастамасымен Алматы қаласында Көз аурулары институты ашылды.
10. 1938 жылы 25 ақпанда Алматыда КСРО Жоғары Сотының Әскери алқасының көшпелі сессиясының қаулысымен сотталып, ату жазасына кесілді. 1958 жылы 25 мамырда ақталды.