Ауыл өлеңдері

Oinet.kz 04-12-2017 1120

«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық  партиясы өнерге ден қойған жастарға  шығармашылық тұрғыда қолдау көрсету, патриоттық сезімін ояту мақсатында түрлі игі іс-шаралар өткізуді дәстүрге айналдырған. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында көрсетілген бағыт-бағдарды басшылыққа алған «Ауыл» партиясы Оңтүстік Қазақстан облыстық  филиалының «Ауыл әуендері» атты  патриоттық ән байқауын ұйымдастыруы осының айғағы.

Screenshot_6.jpg

Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филормонияда шымылдығын түрген ән додасы «Ауыл» партиясының төрағасы, Сенат депутаты Әли Бектаевтың Елбасының мақаласына, партияның   іс-шарасына қолдау танытқан жергілікті атқарушы билікке алғысын айтқан және байқауға қатысушыларға сәттілік тілегенін  жеткізген құттықтау хатын оқумен басталды.  «Ауыл әуендері» облыстық патриоттық байқауды ұйымдастырудағы мақсатымыз – туған жерге арналған патриоттық әндерді насихаттау, халық арасында ән өнерін дамыту, қазақ әндерін орындаушылар арасынан жас талант иелерін анықтап, оларды отансүйгіштікке баулу, ұлттық рухта тәрбиелеу болып табылады»,- делінген құттықтау хатта.

Байқау негізінен қазан-қараша айларында бастау алған екен. Аудандық, қалалық іріктеуден жүлделі орын алып  жолдама иеленген 27 үміткер осы облыстық байқауға қатысты.Үміткерлер патриоттық әндерді орындап келген тыңдарманға керемет көңіл күй сыйлады. Белігілі әнші Құрманбай Шойынбаев төраға болған қазылар алқасының шешімі бойынша бас жүлдені Шымкент қаласының намысын қорғаған «Сарын» тобы иеленді. Бірінші орын Сайрам ауданы атынан бақ сынаған  Бақтияр Айдаровқа бұйырды.  Екінші орынды Аяз Арапбек, үшінші орынды Кеңес Ағасаған еншіледі. Сонымен қатар «Ең жас қатысушы» номинациясымен Малика Қалдыбай марапатталды. 

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын қолдау мақсатында «Ауыл» партиясы тарапынан жасалып жатқан іс-шаралар бұл ғана емес.Жуырда «Ауыл» партиясы мен «Әдебиет»  порталының ұйымдастыруымен  ауыл тақырыбына арналған жас ақын жазушылар  арасындағы «Ауылым - алтын тұғырым» атты әдеби конкурс ұйымдастырылуы да елдің сүйіспеншілігін туғызған болатын.  

​Кітап – ең сабырлы ұстаз
Біз өзі қандай елде өмір сүріп жүрміз?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу