Екінші топтағы мүгедектің жұмыс уақыты қанша болу керек?
Сұрақ: Мен екінші топтағы мүгедек жұмысшымын. Екінші топтағы мүгедек жұмысшының жұмыс уақыты қанша болу керек?
Жауап: ҚР Еңбек кодексінің 69 бабының 3 тармағына сәйкес, бірінші және екінші топтардағы мүгедек жұмсыкерлерге аптасына 36 сағаттан аспайтын жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы белгіленеді.
Бірінші және екінші топтағы мүгедек жұмыскерлердің күнделікті жұмысының ұзақтығы жеті сағаттан аспайды.