Декреттік демалысқа шықпас бұрын еңбек демалысына шыға аламын ба?
Сұрақ: Мен жүктіліктің 25 аптасындамын, декреттік демалысқа шықпас бұрын еңбек демалысына шыға аламынба?
Жауап: Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 192-бабының сәйкес, әйелге, қалауы бойынша жүктілікке және босануға байланысты демалыстың алдында немесе тікелей одан кейін не балаға күтім жасауға арналған демалыс біткенсоң жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы беріледі..