Отқа түсіп, су кешетін мамандар

Oinet.kz 18-10-2019 729

Screenshot_6.jpg

Өзінің өмірінен гөрі өзгенің өмірене жауапкершілікпен қарайтын мамандық иелері бар арамызда. Солардың бірі- құтқарушылар. Олар өз өмірлерін тәуекелге тіге тұра басқаның өмірін аман алып қалуды ғана ойлайды. 

        Құтқарушылар күніне орай Сарыағаш ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі мен №14 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлеріне арнайы мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Мерекелік іс-шарада сөз алған аудан әкімі М.Отаршиев күн-түн демей, кез келген уақытта қызыл жалынмен арпалысып, төтенше жағдайға төтеп беріп жүрген құтқарушыларды кәсіби мерекемен құттықтап, өз ісінің үздіктерін және осы қызметтен зейнеткерлік демалысына шыққан А.Иманов және Н.Қыпшақпаевты арнайы алғыс хаттармен марапаттап құрмет көрсетті. Сондай-ақ Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Н.Бексейтов, А.Иманов және Н.Қыпшақпаевтар мерекелік іс-шарада сөз сөйлеп, қызметкерлерді кәсіби мерекемен құттықтап, алғыстарын жеткізді. Іс-шара барысында аудан басшысына өрт сөндіру бөлімінің есебінде тұрған өрт сөндіру техникалары мен құрал жабдықтары таныстырылды. Мерекелік іс-шара соңы аудандық мәдениет үйінің өнерпаздарының ән шашуымен үйлесімін тапты.


Басшылар ашық қызметке кірісті
Декреттік демалысқа шықпас бұрын еңбек демалысына шыға аламын ба?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу