Жолдаудағы міндетер орындалуда

Oinet.kz 10-10-2019 776

Screenshot_25.jpg

Отырар ауданына ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Болат Исақов бастаған департамент өкілдері арнайы іс-сапармен келіп, жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілерімен семинар-кеңес өткізді. Жиынды аудан әкімі Әбдіғали Жүнісов ашып, жүргізіп отырды.

       Мамандардың мәліметінше семинарда арнайы баяндама жасаған Болат Әлмұханұлы Президентіміз Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауындағы өзі басшылық ететін салаға жүктелген міндеттерге ерекше тоқталды. Сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің тұрғындарға сапалы қызмет көрсетіп, келген хаттарға дер кезінде жауап беру қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар жергілікті халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы берілетін құжаттардың 70 пайызын орталыққа бармай-ақ алуға болатындығын, алайда көпшілік электронды форматқа көшудің тиімділігін өз дәрежесінде пайдаланбай отырғандығын сөз етті.

Семинарда сөз алған аудан әкімдігінің аппарат басшысы, Отырар ауданы бойынша Әдеп жөніндегі өкіл Айдос Мәулен Әдеп кодексі заңнамаларын сақтау және мемлекеттік қызметкерлердің қоғамдағы беделін арттыру, қызмет барысындағы қарым-қатынас мәдениетін сақтау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы төзбеушілік мәдениетін қалыптасыру бағытында хабарлама жасады.

Жиын барысында көпшілік тарапынан қойылған сауалдарға департамент мамандары жан-жақты жауаптар қайтарды. Семинардан соң департамент басшысы мен қызметкерлері ауданымыздағы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік коорпорациясы КЕ АҚ Түркістан облысы бойынша Отырар аудандық бөлімі, аудандық «Халықты жұмыспен қамту орталығы», Қоғам ауыл округі әкімі аппараттарында болып, аталмыш мекемелердің жұмыстарымен танысты.

«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалында болған департамент басшысы Болат Исақов аудан тұрғындарымен жеке қабылдау өткізіп, олардың тарапынан туындаған сауалдарға тұщымды жауаптар қайырды


«Бәріміз бірдейміз-кемсітуді білмейміз»
Қос ауылға ауыз су берілді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу