«Бәріміз бірдейміз-кемсітуді білмейміз»

Oinet.kz 10-10-2019 811

Screenshot_24.jpg

Қазан айының екінші жексенбісі мүгедектер күнi болып бекітілген. Аталмыш датаны жетісайлықтар атаусыз қалдырмады. Ауданда мүгедектер күніне орай «Бәріміз бірдейміз-кемсітуді білмейміз» атты іс-шара өтті. 

Аталған іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Мақсат Жолдасбеков, Жетісай ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Әділхан Әбжанов, Жетісай ауданы "Nur Otan" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Әділхан Асауов қатысты. Шара барысында кенттегі азаматтарға мерекелік концерт ұйымдастырылып, демеушілер тарапынан сый-сияпат жасалды. Және аудан әкімінің атынан іс-шараға ат салысқан жомарт жандарға алғыс хаттар тапсырылды.

Келесі іс-шара Жетісай ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің "Психоневрологиялық ауытқуы бар және тірек-қимылы аппараты бұзылған мүгедек балаларға арналған "Үміт" ұясы күндіз болу орталығы" ғимаратында өтті. Мұнда ем алушы балаларға барлық жағдай жасалған. Жатын орны, ас ішу бөлмелері, ойын алаңшалары, және емдеу курстары өтетін бөлмелері бар. Қосымша айта кететін болсақ Жетісай ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде 18 - жастан асқан психоневрологиялық ауытқуы бар 109 адам есепте тұрса. 18 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі 260 бала қазіргі таңда есепте тұрады.

«Сонымен қатар ауданымызда мүгедек балаларға арналған «Үміт ұясы» және «Балдәурен» күндізгі қатынау бөлімшелерінде 60 бала есепте тұрып, оңалту емдік шараларын алуда. 2018-2019 жылдар аралығында «Үміт ұясы» және «Балдәурен» күндізгі қатынау бөлімшелерінде 121 бала есепке алынып, денсаулықтарын сауықтырып, емдік шаралардың барлық түрлерімен қамтылып жақсы нәтиже көрсетіп келеді. Жетісай ауданы бойынша жалпы 7813 мүгедек жандар бар. Оның ішінде I-топ 527, II-топ - 2893, III-топ-3141 адам, 18-жасқа дейінгі 1252 мүгедек балалар бар» дейді бөлім басшысы Әділхан Әбжанов

Жыл сайын «Мүгедектер күнін», «1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күні» және Жаңа жыл мерекелерінде үлкен іс-шаралар ұйымдастырылып дастархан жайылып, қайырымдылық акциялары өткізіліп, сый-сияпаттар берілуде.

Жиын соңында аталған датаға орай демеушілік жасаған жомарт жандарға аудан әкімінің атынан алғыс хаттар табыс етіліп, балаларға сый-сияпат көрсетілді.


«Жас келсе іске»
Жолдаудағы міндетер орындалуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу