«Жас келсе іске»

Oinet.kz 10-10-2019 816

 Screenshot_23.jpg

Жетісай ауданында  шағын және орта бизнесті дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламалардың артықшылықтары мен пайдасын жергілікті жастарға түсіндіру, оларға аудандағы мықты кәсіпорындардың өндірістерімен таныстыру жұмыстары жолға қойылған. Ресми мәліметтерге сүйенсек ауданда биылғы жастарды қолдау жылында «Жас кәсіпкер» бағдарламасы бойынша жылдық 1 пайызбен жалпы құны 4 млн. теңгеге 2 жоба қаржыландырылған және 1 жоба мақұлданған. Атап айтқанда, Жетісай қаласында «ЖК Қозыбекова Асия» авто орындықтарын қаптау тігу цехының жұмысын кеңейтіп, тұтынушыларға замануй үлгідегі өнімдерді ұсынуда.  Сондай-ақ  Жетісай қаласындағы « ЖК Тұрлыбеков» Жасұланның қолөнер бұйымдарын өндіретін шеберханасын ұйымдастыру үшін 1 млн. теңге көлемінде қйтарымсыз грант бөлінген.

Айта кетейік, ауданда шағын кәсіпкерлік саласы кең етек жайып келеді. Айтатын болсақ, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2019 жылдың 1 қыркүйектегі жағдайы бойынша 15 286-ға жетіп , оның ішінде шаруа қожалықтар саны 10156, дара кәсіпкерлер саны 4190, заңды тұлғалар саны 940 құрады. Ал, жұмыс істеп тұрғандарының саны – 14818 бірлікке жетіп, жалпы тіркеудегі субъектілердің 97% құрады. Жұмысшылар саны 21248 адамға жетіп, өндірілген өнім көлемі 19077,3 млн.тенгеге, салықтық төлемдері 141,2 млн тенгені құрап отыр.


 





 


400-ге жуық жұмыс орны ашылған
«Бәріміз бірдейміз-кемсітуді білмейміз»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу