Жетісайда спортты серік еткендер көбейген

Oinet.kz 08-10-2019 718

Screenshot_20.jpg 

Жетісай ауданы халқының 29 пайызы спортпен тұрақты түрде шұғылданады. Нақтырайқ айтқанда ауданда тұрақты түрде спортпен айналысатындар саны 51083 адамға жеткен. Бұл туралы Жетісай ауданы дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Еркебұлан Сейдалиев 9 айда атқарған жұмыстарының қорытынды есебінде мәлім етті. 

Одан бөлек қазіргі таңда аудан бойынша спорт мектептерінде спорттың 11 түрінен негізгі құрамда 1519 жасөспірім, қоғамдық негізде 233 жасөспірім, жалпы 1752 жасөспірім қамтылған екен.

Ал, 2019 жылдың 9 айында аудан спортшылары халықаралық, республикалық чемпионаттар мен турнирлерде, облыстық чемпионаттары мен жарыстарда жүлделі орындардан көрінген. « Биыл аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері арасындағы көктемгі облыстық спартакиадасында ауданымыздың спорт мектептері қатысып үстел теннисінен командалық І – орын, еркін күрестен ІІ – орын, грек-рим күресінен ІІ – орынды иемденді. Спорт мектептерінің үлкен нәтижесі осы Спартакиада қорытындысы болып есептеледі. Өйткені бұл командалық жарыс. Бұл жетістіктер ауылды жерде орналасқан спорт мектептеріне өте зор нәтиже» дейді бьөлім басшысы Еркебұлан Сейдалиев.

Қосымша айта кететін болсақ. 2019 жылдың 9-айдың көлемінде спорттың бірнеше түрінен 94 көпшілік-бұқаралық спорттық іс-шаралар ұйымдастырылып, жалпы іс-шараға 14 мыңға жуық адам қамтылған. Одан бөлек спорт мектептерінің спортшылары биік-биік шыңдарды бағындырып ауданымыздың абыройын намыспен қорғап қоймай облысымызды елге танытып жүр. Соның бір айғағы ауданның спортшы жасөспірімдері Қазақстан Республикасы аумағында 154 алтын, 196 күміс, 288 қола медаль иемденген.



«Кітапхана қызметіндегі жаңа форматтар»
Ас атасын кәсіпке айналдырған
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу