«Кітапхана қызметіндегі жаңа форматтар»

Oinet.kz 08-10-2019 913

Screenshot_19.jpg

 Сарыағаш аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөліміне қарасты Сарыағаш аудандық орталық кітапханада Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалалары мен «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында Түркістан облыстық А.С.Пушкин атындағы әмбебап ғылыми кітапханасы және Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен «Кітапхана қызметіндегі жаңа форматтар» тақырыбындағы аймақтық семинар өтті.

Семинардың негізгі мақсаты: Сарыағаш аудандық орталық кітапханасы Түркістан облысы кітапханалары арасында озық үлгідегі, инфрақұрылымы, материалдық – техникалық жағдайы заманауи талаптарға сай болғандықтан және жаңа форматтағы атқарылып жатқан жұмыстары арқылы өзге аймақтық кітапханалармен іс-тәжірибе алмасу. Мамандар құрамының сапасын жақсарту, кітапхана қызметінің аясын кеңейту, кітапханашылардың жаңа білімді меңгеруге деген ұмтылысын қолдау.

Семинарға Түркістан облыстық А. С. Пушкин атындағы әмбебап ғылыми кітапханасының, «Түркітілдес Халықтар» кітапханасы және Ы. Алтынсарин облыстық балалар кітапханасының директорлары мен әдіскерлері, сонымен қатар Жетісай, Мақтарал, Шардара, Келес, Созақ, Бәйдібек, Сайрам, Арыс, Қазығұрт аудандық кітапханаларының директорлары, әдіскерлері, балалар кітапханансының меңгерушілері, Сарыағаш аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің қызметкерлері қатысты. 

  Шарада мамандар мен кітапханашылар өз ойларын ортаға салып, кітапхана саласындағы жетістіктер мен электронды қзымет түрлерін талқыға салды. 


Келестің өз арбаты болады
Жетісайда спортты серік еткендер көбейген
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу