Келестің өз арбаты болады

Oinet.kz 08-10-2019 705

Screenshot_18.jpg   

Бірер жыл бұрын өз алдына еншісін алып шыққан Келес ауданы күн санап көркейіп келеді. Құрылыс жұмыстары қызу жүріп жатқан өңірде жақын күндері арбат халық игілігіне берілмек. Орталықтан бой көтергелі тұрған демалыс орны жастардың бос уақытын тиімді пайдалануға жалпы отбасылық серуенге арналады. Аудан әкімі Ақментай Есбаев аудан орталығы Абай ауылында ашылатын арбаттың заманауи үлгіде және көрікті демалыс аймағы болатынын айтады. «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында жүріп жатқан жол құрылысының барысымен танысқан әкім, сондай-ақ алдағы уақытта жастар үшін арнайы веложолақ пен скейтборд алаңшары құрылатынын жеткізді. Бұл мақсатта арнайы жер телімі қаралып, құрылыс орнының жобасы жасалуда.

Ақментай Есбаев бұдан бөлек, аудан орталығындағы жол құрылысы жүріп жатқан көшелерді аралап, мердігерлердің жұмысына қатысты сын айтты. Көше бойына суағар орнату жұмыстарының мардымсыздығы нәтижесінде құрылғылары сапасыз қойылып, көркін бұзған. Аудан басшысы мердігерлік компания өкіліне қатаң ескерту беріп, оны қайта жасауды талап етті.

Айта кетейік, Абай ауылының 27,7 шақырымды құрайтын 23 ішкі көшесін орташа жөндеуге 1134,5 млн теңге қаржы бөлінген. Ауданның 43,9 шақырымдық 30 ішкі көшесін орташа жөндеуге 2020 жылға 745,7 млн теңге қаржы бөлу жоспарланып отыр.






Диқандар инновациядан қалыс қалып жатқан жоқ
«Кітапхана қызметіндегі жаңа форматтар»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу