Алматының тартуы

Oinet.kz 02-10-2019 543

Screenshot_10.jpg

Алматының әкімі рухани шаһар Түркістанға сапарлатып келді. Түркістан облысы әкімінің басапасөз қызметі мамандарының хабарлауынша Бақытжан Сағынтаев өңір басшысы Шөкеевпен бірге  Т Алматы бюджеті есебінен салынған нысандардың сапасын тексерген. Алдымен Арыс қаласындағы төтенше жағдайдан зардап шеккен үйлердің жөндеу жұмыстарымен танысты. Бүгінде Алматы қаласы жауапты 14-секторда – 531 нысанды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде 503-і жөндеу жұмыстарын қажет етсе, 28 үйдің қабырғалары толықтай сүріліп, жаңадан салынуда. Қалпына келтіру жұмыстарына – 5 компания, 300-ден астам құрылысшы тартылған. Сапар барысында Алматы қаласының басшысықұрылысшылармен кездесіп, Алматы қаласына бекітілген 14-сектордың жауаптыларына құрылыс қарқынын жылдамдатуды, бекітілген кестеден кешіктірмей шұғыл түрде өткізуді тапсырды. Сондай-ақ, облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев пен Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Түркістан облысындағы Медиа орталықтың құрылыс алаңында болды. Алматы қаласы әкімдігінің Түркістанға тартуы қаланың жаңа әкімшілік және іскерлік орталығындағы құрылысы бітуге жақындаған алғашқы нысандардың бірі. 


Қарияларды құттықтады
32 медициналық жедел жәрдем көлігі берілді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу