32 медициналық жедел жәрдем көлігі берілді

Oinet.kz 04-10-2019 577

Screenshot_11.jpg

Басты байлық денсаулыққа Түркістан өңірінде айрықша көңіл бөлініп келеді. Мамандардың дерегінше келесі жылы республикалық бюджет қаражаты есебінен қосымша 60 санитарлық автокөлікпен жабдықтау жоспарланған. Қазіргі таңда, Кентау, Жетісай, Мақтаарал, Сайрам ауданы мен Түркістан қаласында жалпы 8 денсаулық сақтау нысанының құрылысы жүргізілуде. Одан бөлек, шалғай елді мекендерде 19 модульдік медициналық бекеті ашылмақ. Таяуда облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев аудандық және қалалық ауруханалар мен емханаларға 32 медициналық жедел жәрдем көлігінің кілтін табыс етті. Салтанатты шара барысына өңір басшысы жаңа автокөліктердің науқасқа алғашқы көмек көрсетуге арналған қажетті құралмен толық қамтамасыз етілгенін тілге тиек етті.

«Біздің ең басты байлығымыз – халықтың денсаулығы. Бұл тұста, медицинаның ең маңызды бағыты – жедел жәрдем көрсету саласы екені белгілі.Облыстағы медицина саласын дамыту - басты назарда. Бұл ретте осы саланы заманауи, толық жабдықталған арнайы жедел жәрдем көліктерімен қамтамасыз ету ісін әлі де жалғастырамыз. Мұндай көліктермен алдағы уақытта барлық аудандарды толық қамтамасыз ететін боламыз. Бұл мүмкіндік - тұрғындардың өмір сүру ұзақтығының өсуіне және медициналық технологиялардың дамуына алғашқы медициналық-санитариялық көмекті дамыту бағытына өз септігін тигизеді деген сенімдеміз», - деді Өмірзақ Шөкеев.


Алматының тартуы
Мал ұрлығының алдын алған тиімді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу