Қарияларды құттықтады

Oinet.kz 02-10-2019 581

Screenshot_9.jpg

Түркістандықтар қазыналы қарияларды мерекелерімен құттықтап, салтанатты мереке ұйымдастырды. 

    ЖиынғаТүркістан облысы әкімінің орынбасары Ұлан Тәжібаев пен Түркістан облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жеңісбек Мәуленқұлов және «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсен Тәжібаев қатысып, қарияларды мерекемен құттықтады.

Іс-шара барысында басшылар Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлері және облысқа еңбегі сіңген бірқатар еңбек ардагерлері мен зиялы қауым өкілдерін алғыс хатпен марапаттады.   Сонымен қоса, облыс әкімінің атынан 10 ардагерге «Сарыағаш» шипажайына жолдама тапсырылды. Мерекелік шара концерттік бағдарламаға ұласты.

Мамандардың дерегінше  Түркістан облысында 170 мыңға жуық зейнеткер болса, оның 59-ы Ұлы Отан соғысының ардагері, одан басқа 9,5 мыңнан астам тың еңбеккерлер бар.Бүгінгі таңда ай сайын 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 446-ға жуық 80 жастан асқан жалғызілікті қариялардың зейнетақыларына үстемеақы төленеді. Бүгінгі таңда мемлекетпен кепілдендірілген төлемдер көлемі жыл сайын көтерілуде, облыстық және жергілікті бюджеттер қаржы есебінен де түрлі әлеуметтік қолдаулар ұйымдастырылып келеді. Айтап айтқанда, 13 мыңнан астам соғыс ардагерлері мен соларға теңестірілген қариялар облыстық басылымдарға тегін жаздырылып келеді. «Қамқорлық» акциясы шеңберінде азаматтардың жекелеген санаттарына қоғамдық көліктерде тегін жүруге, коммуналдық қызметтерге жеңілдіктер қолданылуда. Биылдың өзінде аталған акция шеңберінде 15,6 мыңға жуық азаматтардың жекелеген санаттары мен ардагерлерге көмек көрсетілді. Ардагерлерді сауықтыру мақсатында жыл сайын облыстық бюджет есебінен «Ардагерлер үйі» мен «Мейір»ардагерлер үйінде 8 мыңға жуық ардагер ем алып, демалады.


«Кереметтің» алмасы керемет
Алматының тартуы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу