Мемлекеттік тіл - елді біріктіруші фактор
Бәйдібек аудандық "Жастар сарайында" Қазақстан халқының тілдер күні мерекесі аталып өтті. Шараға аудан әкімі Бақытбек Танагөзов қатысып, бұл мереке елімізде тұратын барлық ұлт өкілдерінің мерекесі екендігін айтып, аудан тұрғындарын мерекемен құттықтады. Айтулы шара барысында аудан басшысы Мемлекеттік тілді қолдану мен дамытуға қосқан елеулі үлесі мен көп жылғы жемістігі еңбегі және кәсіби шеберлігі үшін ауданның бірқатар мекеме қызметкерлерін алғыс хат тапсырды.
Бүгінгі күні ауданда тұратын басқа ұлт өкілдері мен қазақ азаматтары мемлекеттік тіл - қазақ тілін меңгеруге зейін қойып, қазіргі уақытта мемлекеттік тілде еркін сөйлеуді мақсат етіп отыр. Тұңғыш Президент Н.Назарбаевтың : «Біз барлығымыз бүкіл қазақстандықтарды біріктіруші негізгі фактор - мемлекеттік тілді дамыту үшін барлық күш-жігерімізді салуымыз қажет» деген жалынды сөздері достығы мен бірлігі жарасқан әрбір Қазақстан азаматына арналып отыр.
Шарада аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары әннен шашу шашса, аудандық саз мектебінің мың бұралған бишелері өзге ұлттардың билерін көрермендерге тарту етті.