Велошабандоздар Бәйдібекке аялдады

Oinet.kz 01-10-2019 628

Screenshot_11.jpg

Спорт – шекараны білмейді. Мұны еліміздің мүмкіндігі шектеулі жандарынан құралған велошабандоздар дәлелдеп отыр. 

 22 қыркүйек күні бастау алған «Шекарасыз спорт» жобасы аясында Алматы қаласында басталған «Алматы-Түркістан» веломарафоны қасиетті Бәйдібек ауданының Қызылкөпір елді мекеніне аялдап, түскі үзіліс жасады. Параолимпиаданың чемпионы Зульфия Габидуллина бастаған велошабандоздарды аудан әкімінің орынбасары Нұрғали Айтбеков қарсы алды. Қатысушыларға Қызылкөпір елді мекеніндегі "Төсқара" мейрамханасында түскі ас мәзірі берілді. Велошабандоздар қонақжайлық танытқан аудан тұрғындарына өздерінің алғыстарын білдіріп, аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне естелікке тоғызқұмалақ сыйға тартты.

       «Шекарасыз спорт» жобасы аясында Түркістан облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен өтіп жатқан марафонға көзі көрмейтін спортшылардан басқа қоғам қайраткері Бахтияр Базарбеков, Шекарасыз спорт жобасының режиссері және жетекшісі Валихан Тен  және тағы да басқа ел азаматтары ат салысуда.

Шарада аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары түрлі Отан туралы патриоттық әндер орындап, қонақтарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.


Мемлекеттік тіл - елді біріктіруші фактор
«Қарияларға құрмет-ұрпаққа міндет!»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу