Келесте «Білім орталығы» ашылды

Oinet.kz 30-09-2019 524

Screenshot_9.jpg

 Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы және «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасындағы басты міндеттерді іске асыру мақсатында Келес ауданында «Білім орталығы» ашылды. Жобаның мақсаты барлық санаттағы оқырмандардың ақпараттық қажеттіліктерін жедел қанағаттандыру үшін үздік әлемдік тәжрибені пайдаланып, кітапханалардың жаңа заманауи үлгісін құру. 

Келес ауданы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша жалпы білім орталығында арнайы интернет желісіне қосылған ноутбуктер, шахмат және арнайы кофе брейктер ұйымдастырылған. Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізгі бағыттарының бірі – халықты білімге деген құштарлығын арттыру. Осыған орай, «Нұр отан» партиясы «Қазақстан кітапханалары – заманауи білім орталықтары» жобасы аясында кітапханалардың қызметін жаңғыртып, оларды жаңа заманға сай cowerking – орталық ретінде қайта құруды қолға алды. Ағылшын тілінен аударғанда Коворкинг сөзі "бірге жұмыс істеу" дегенді білдіреді. Коворкинг – компьютерлік техникамен толық жабдықталған жұмыс орындарының жиындығы. Алғашқы коворкинг орталық 2005 жылы АҚШ-та ашылған. Ал Ресей мен ТМД елдерінде коворкинг соңғы бір-екі жылда ғана еніп отыр. 


Келестегі келісімді тірліктер баяндалды
Мемлекеттік тіл - елді біріктіруші фактор
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу