Сайрамда музей ашылады

Oinet.kz 26-09-2019 918

Screenshot_1.jpg

Сансыз баптар мекені Сайрам топырағында талай әулие, тұлғалардың бейіті жатыр. Бүгінде сол кесенелерге еліміздің түкпір-түкпірінен зиярат етіп келуде. Одан бөлек сан ғасырлық тарихы бар, тылсымға, ққпияға толы көне ғимараттарды тамашалауға келіп жатқан туристер де жоқ емес. 

Ресми мәліметтер сәйкес Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»  бағдарламалық мақаласының  «Жергілікті туризм» ішкі жобасы аясында Сайрам ауданына ағымдағы жылдың 7 айында 8300 турист келіп, 24 шет азаматтары келіп ауданның тарихымен танысыпты. Туристерді көптеп тарту мақсатында ауданда орналасқан «Манкент шипажайы» басшылығымен бірге ауданда орналасқан киелі орындармен таныстыру жұмыстары тұрақты жүргізілуде дейді мамандар.

   Сайрам өлкесі Қазақстандағы ең көне қалалардың бірі. Мұнда талай тарихтың тірі куәгері жатыр. Осы орайда жақын аралықта аудан орталығында музейдің құрылысы аяқталып, пайдалануға тапсырылатын болады. Ауданда бұрын-соңды жәдігерлерді сақтайтын арнайы ғимарат немесе орын болмаған. Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» мақаласы осындай ғимараттың дүниеге келуіне өз септігін тигізуде. Музейге аудан  тарихынан сыр шертетін құнды жәдігерлер қойылады. Сондай-ақ, әр ұлттың тарихын және көне бұйымдарын паш ететін дүниелерді де орналастыру жоспарда бар.


Демеушілер көбейіп тұр
Параның түбі жаза
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу