Параның түбі жаза

Oinet.kz 26-09-2019 643

Screenshot_2.jpg   

Мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын насихаттау және азаматтарды жемқорлық індетімен күресуге шақыру мақсатында Түркістан облысында «Парасыз болашаққа. Бірге!» атты іс-шарасы өтуде. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен өтіп жатқан шара Отырар ауданында жалғасын тапты деп хабарлайды аудан әкімі баспасөз қызметі.  Жиынға  аудандық мәслихат депутаттары мен ауы округтері әкімі аппараты қызметкерлері, мекеме, бөлім басшылары мен мектеп директорлары және ішкі істер органдары мен төтенше жағдайлар бөлімі, аудандық орталық аурухана мен ХҚКО қызметкерлерінің, сондай-ақ аудан жастары мен дін және этно-мәдени бірлестік өкілдеріне ақпараттық-түсіндіру шаралары жүргізілді.

      Маңызы зор шараға аудан әкімінің орынбасары Пердехан Жаппарқұлов арнайы қатысып, қазіргі таңда қоғамымызға қауіп төндіріп, орасан кесел келтіретін осынау келеңсіз әлеуметтік құбылысқа қарсы тұру әрбір адамның азаматтық борышы екендігін сөз етті.

Шара барысында сөз алған департаменттің жауапты қызметкерлері Ерұлан Тұңғышбаев пен Гүлмира Төлегенқызы мемлекеттік міндеттерді атқаратын, сондай-ақ соларға теңестірілген адамдардың лауазымдық өкілеттігін және соған байланысты мүмкіндіктерін пайдалана отырып, не мүліктік пайда алу үшін олардың өкілеттіктерін өзгеше пайдалану, жеке өзі немесе делдардан арқылы заңда көзделмеген мүліктік игіліктер мен артықшылықтарды заңсыз беру арқылы оларды сатып алу сыбайлас жемқорлық болып есептелінетінін айта келе, елімізде жемқорлықпен және ұйымдасқан қылмыстықпен күресті күшейту шараларына орай «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» , «Мемлекеттік қызмет туралы» арнайы заңдар қабылданғанын, сонымен қатар жемқорлықпен күрес арнайы дайындалған мемлекеттік бағдарлама негізінде жүзеге асырылатыны жөнінде баяндады. Сондай-ақ, шарада "Есен ана" мешітінің бас имамы Ерлан Киізбаев, «Тайтелі ата» мешітінің бас имамы Мақсат Сұлтанқұловтар парақорлық адами тұрғыдан да, мемлекеттік тұрғыдан да үлкен қылмыс, кешірілмес күнә екендігі жайында кеңінен әңгімеледі.

Кездесу барысында жиынға қатысушылар көкейде жүрген сауалдарын қойып, департамент қызметкерлерінен тұщымды жауаптар алды.


Сайрамда музей ашылады
Құрылысшылар марапатталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу