Демеушілер көбейіп тұр

Oinet.kz 26-09-2019 653

       Screenshot_15.jpg

Мейірімділік  - жанға жылу береді. Жыл басынан бері Сайрам ауданында ауданы бойынша «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» «Атамекен» кіші бағдарламасының аз қамтамасыз етілген отбасыларға және жетім-жесір балаларға бюджет және демеушілер есебінен көмек көрсету жолға қойылды. Атап айтқанда, жаны жомарт кәсіпкер азаматтар аз қамтылған 5 отбасыға 1 тонна қатты отын түсіріп берді. 50 отбасыға 50,0 мың теңге көлемінде қаржылай көмек және 20 отбасыға азық түлікпен қамтамасыз етілді.

Ерікті жастардың ұйымдастырумен «Парасат» дүкені ашылып бүгінгі таңда тұрмысы төмен отбасыларға тегін киім – кешек таратылуда.

Мамандардың мәліметінше «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында демеушілер есебінен 2019 жылдың 8 айында 60 млн 30 000 мың теңге демеушілер есебінен көмектер көрсетілген. Атап айтқанда Жібек-жолы ауыл округіндегі «Бибиниса ана» бала бақшасы демеушілер есебінен 30 миллион қаражатқа салынып, ел игілігіне берілген. Сонымен қатар Макент ауыл округінде  жабық футбол алаңы да кәсіпкерлер тарапынан  пайдалануға беріліп отыр. Одан бөлек Қарабұлақ ауылында 15 метрлік көпірдің құрылысы  да қалталы, жомарт жандардың арқасында бітіп отыр. 


Жастармен кездесті
Сайрамда музей ашылады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу