Ауылдар шет қалмайды

Oinet.kz 24-09-2019 628

Screenshot_4.jpg

Кентау қаласының  әкімі Даурен Сабитұлы қалаға қарасты Жаңа иқан және Ескі иқан ауылдарында болып тұрғындармен кездесті. Бұл туралы Кентау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды. 

Алдымен Жаңа Иқан ауылында болған қала әкімі, ауылдағы атқаралып жатқан жұмыстарды барысын тыңдады. Ауыл әкімі Серік Садибаев ауылдың тыныс-тіршілігі жайында толыққанды баяндама жасады. Сөз кезегі тұрғындар тарапына беріліп, өздерін тоғандырған мәселелері мен ұсыныс, сауалдарын жолдады. Жиында тұрғындар тарапынан жайылым жер, су, жол, мектеп секілді жайттар көтерілді. Әрбір тұрғынның ұсыныс-пікіріне назар салып тыңдаған қала әкімі Даурен Махажанов, "Ауылым-алтын бесігім" бағдарламасы аясында Жаңа иқан ауылының Ибата елді-мекені кіргізіліп соның аясында көптеген жұмыстар жасалынатын болады. Мәселен, инфрақұрылым жұмыстары оның ішінде жол, жарық, су толықтай ретке келтіріледі. Сонымен қатар, аяқ жолдар салынып, әлеуметтік нысандар жаңадан бой көтеріп, құрылысты қажет ететіндері құрылыс жұмыстарынан өтеді. Осылай деген қала әкімі ауылдың әрбір мәселесі басшылықтың назарында екенін атап өтті. Халық саны жылдан жылға өсіп жатқан ауылда 7476 тұрғыны бар. Ауылдың екі елді-мекеннен тұрады. Ибата және Ойық. Ауылдың басым көпшілігі ауылшаруашылықпен айналысады.Шаруақожалықтың саны 228 ды құрап отыр.


Мерейтойға футбол ұйымдастырды
Түлкібаста туризм дамып келеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу