Мерейтойға футбол ұйымдастырды

Oinet.kz 24-09-2019 782

Screenshot_3.jpg

Қарт Қаратаудың етегіндегі кеншілердің қаласы Кентауға 64 жыл. Қала халқы мерейтойды кең көлемде атап өтуде. 

Жақында мерейтой аясында Кентау қаласы әкімі Д.Махажановтың тапсырмасы бойынша Кентау қаласының орта арнаулы оқу орындары және Кентау қаласының, қалаға қарасты ауыл және ауылдық округтердегі жалпы білім беру мектептері арасында футболдан жартылай финал және финалдық ойындар өткізілді. Бұған дейін өткізілген іріктеу ойындары нәтижесінде, жарысқа 12 команда қатысты. Олар: Кентау көпсалалы колледжі, Кентау колледжі, №2 Ш.Қанайұлы атындағы жалпы орта мектебі, Оранғай ауыл округінің "Х.А.Яссауи" атындағы жалпы орта мектебі, Майдантал ауылдық округінен "Қаражон шағын жинақталған жалпы орта мектебі", Оранғай ауылдық округінен "М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебі", Үшқайық ауылдық округінен "Аманкелді" жалпы орта мектебі, Яссы ауылдық округінен "Шобанақ" жалпы орта мектебі, Шорнақ ауылдық округінен "Шорнақ" жалпы орта мектебі, Хантағы ауылынан №6 "А.С.Пушкин" атындағы жалпы орта мектебі. Жартылай финалда, 12 команда 2 группаға бөлініп, өз-ара ойнасып, әр группадан финалға 2 командадан шықты. Нәтижесінде І-орын №2 Ш.Қанайұлы атындағы жалпы орта мектебі, ІІ-орын "Кентау көпсалалы колледжі", ІІІ-орындар Оранғай ауыл округінің "Х.А.Яссауи" атындағы жалпы орта мектебі мен Яссы ауылдық округінен "Шобанақ" жалпы орта мектебі иеленді. Жеңімпаздар мен нәтижелі ойын көрсеткен командалар, қала күні іс-шаралық мерекесінде салтанатты түрде марапатталатын болады. Жарысты "Кентау қалалық футбол мектебі" бекіткен М.Тлеубаев пен Р.Пахритдинов төрешілері әділ қазылық етті.


Арыс көгалданып келеді
Ауылдар шет қалмайды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу