Қазығұрттық жастар жарады
Түркістан қаласында «TURKISTAN-JASTAR QALASY!» атты жастар фестивалінің қорытынды кезеңі мен жабылу салтанаты өтті. Аталған жоба «Жастар жылы» аясында ұйымдастырылғанын айта кетейік. Фестивальге облысқа қарасты 13 аудан мен 3 қаладан 30 000-нан аса жастар 6 бағыт бойынша қатысты. Жастардың мәдениеті мен шығармашылығын дамыту бағытындағы кешенді спорттық додалардың апталық, айлық іріктеулерінен сүрінбей өткен кіл мықтылар ақтық сайыста бақ сынасты.
Бұл сайыста қазығұрттық жастардың асығы алшысынан түсіп, бірнеше сайыс түрінде жүлделі орындарға ие болды. Атап айтқанда ауданынан Street Workout сайысына қатысқан Тұрсынқұлов Еркебұлан Серікұлы, Тұрсынқұлов Бекжан Нұрланұлы, Тұрсынқұлов Ерсұлтан Серікұлынан құралған құрама жүлделі ІІ-орын, «Асық ойыны» жарысында Жазықбай Ерсапар Манатұлы, Ақжол Ақнұр Шындәліқызы ІІ-орын иеленді. Фестивальдің жабылу рәсіміне қатысқан Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов мұндай сайыстардың жастар үшін маңызы зор екенні тілге тиек ете келе, жеңімпаздарды диплом мен бағалы сыйлықтармен марапаттады.