Мамандар "мөлдір" қызмет көрсетті
Өздеріңізге белгілі Елбасы жолдауы аясында, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен өңірімізде «Түркістан-адалдық алаңы» жобалық кеңсесі өз жұмысын жүргізуде.
Жобалық кеңсенің негізгі мақсаты – Түркістан облысының аудан, ауылдық округ, ауыл тұрғындарына мемлекет тарапынан көрсетілетін қызметтер туралы заңгерлік көмек беру, қызметтерді ыңғайлы алуға жағдай жасау, компьютерлік сауаттандыру (e.gov), аудан, ауылдық округ, ауыл болашағын жергілікті тұрғындармен бірлесе отырып ашық талқыға салу, мемлекеттік органдарда ашықтықты қамтамасыз ету және қоғам тарапынан бақылауды күшейту. Жоғарыдағының негізінде, жобалық кеңсе тарапынан «Ashyq Turkistan» жобасын облысымыздың барлық аудандарында, аудандарға қарасты барлық ауылдық округтерде еңгізу ұсынылған болатын.
Жобаны, ережеге сәйкес әр айдың 3 жұмасы облыстағы барлық ауылдық округтерде өткізу жоспарланған. Аталған жоба Агенттіктің төрағасы және облыс әкімі тарапынан жоғары бағаланып, қазіргі таңда Республиканың барлық өңірлерінде жүзеге асуда.
Осы орайда кеше Сарыағаш ауданындағы ауылдық округтерде «Ashyq Turkistan» жобасы аясында қоғамдық қабылдаулар өтті. Шара барысында жергілікті халық еш кедергісіз бірінші басшылыққа мұң мұқтажын жеткізді.