Түлкібастың өнімдері ұсынылды
Шымкент қаласында қала тұрғындарына арналған Түлкібас ауданының ауылшаруашылық және қолөнер шеберлерінің жәрмеңкесі болып өтті. Түлкібас ауданы әкімі баспасөз қызметі мамандарының хабарлауынша жәрмеңкеге алма, картоп, жүзім сиякты бақша өнімдері, ет, құрт, қаймақ тағы баска тамақ өнімдермен қатар республика көлемінде таралып жүрген "Майлыкент сүт", "Песня лета", "Аква серебро" сиякты аудандағы кәсіпорындардың өнімдері ұсынылған. Жәрмеңкеге кала әкімі Е.Айтаханов пен аудан әкімі Н.Тұрашбеков келіп, аралады.
Бастама ретінде Түлкібас ауданына қарасты 15 ауылдық және кенттік округтерінен келген шаруа қожалықтардың өнімдері қала тұрғындары мен қонақтарына базар нарығынан 10-15 % төмен бағада ұсынылды. Жәрмеңкеде жалпы 45 тонна ауыл шаруашылығы өнімдері сауда қатарларына шығарылды. Шараның мақсаты отандық өнімдерге қолдау көрсету және күнделікті тұрмысқа қажетті азық-түлік бағасын тұрақтандыру.
Сонымен қатар, Шымкент қаласы және Түлкібас ауданы әкімдігінің тікелей ұйытқы болуымен ұйымдастырылған шара барысында тектілер шыққан қасиетті Түлкібас өлкесінің әншілері ән айтып, кала тұрғындарының көңілін көтерді.