Қариясы бар ел қазыналы

Oinet.kz 17-09-2019 661

Screenshot_8.jpg

Қариясы бар елдің қазынасы бар деген. Қазақ халқы қашанда үлкеннің ақылына құлақ асып, бата алған дана ел. Бүгінде дәстүрден жаңылмаған ұлтымыз ардагерлердің кеңесіне жиі құлақ асады. 

Осы ретте  Сарыағаш ауданы әкімі М.Отаршиев аудан ардагерлерімен кездесті. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.  Кездесу барысында әкім аудан ардагерлерімен танысып, көкейінде жүрген мәселелерін тыңдады. М.Сүлейменов өз сөзінде аудан ардагерлерінің атқарып жатқан жұмыстары жөнінде ақпарат берді. Прократура саласының ардагері М.Жорабаев «Сарыағаш газетінің» 90 жылдығын тойлау жөнінде ұсынысын айтса, Түркістан облысының құрметті азаматы С.Мырзабаев аудандағы мұражай мәселесін көтерді.

Кездесу қорытындысы бойынша аудан әкімі айтылған ұсыныс, тілектер бойынша алдағы уақытта тиісті жұмыстар атқарып, әр уақытта ел ағаларымен ақылдаса отырып түйінді мәселелерді шешуге шақырды. Жиын соңында аудан ардагерлері Сарыағаш ауданы әкімі М.Отаршиевке алдағы жұмысына сәттілік тілеп баталарын берді.


«Қазақтану» салт-жоралғының бірізділігін табудың жолы
Жас кәсіпкерлер сертификат алды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу