Қариялар асық атудан жарысты
Созақ аудандық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен Ұлы Отан соғысының ардагері, есімі «Қазақ КСР-нің Алтын кітабына» жазылған, Ленин, Еңбек Қызыл Ту ордендерінің иегері, Созақ ауданының Құрметті азаматы Қалы Байымбетовты еске алуға арналған асық атудан аудан ардагерлері арасында жарыс өтті. Шолаққорғандағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде өткен сайысқа 40 шақты қариялар қатысты.
Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Б.Айдарбеков, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қ.Еспенбетов ашып Қалы Байымбетовтың өмірбаянын және оның ауылшаруашылығында атқарған еңбегі өте көп екендігін айтып, еске алды.
Аталған іс-шарада ардагерлер 70 жасқа дейінгі және 70 жастан жоғары болып екі топқа бөлініп сайысты. 70 жастан асқан -ардагерден сызба атыстан жүлделі І-орынды Бабатылық Қасымбеков Өмірзақ, ІІ-орынды – Шолаққорғандық Қожанов Қожақмет, ІІІ-орынды – Шолаққорғандық Мұсабеков Аманбек қарияларымыз иемденсе, 70 жасқа дейінгі 17 ардагерлер арасында Сызба атыстан І-орынды Тастылық Аманбеков Асан, ІІ-орынды –Шолаққорғандық Сармантаев Жетілген, ІІІ-орынды – Жуантөбелік Байжанов Кенбек қарияларымыз қанағат тұтты. Ең қарт Қожанов Қожақмет болса, Сұр мерген Қожабеков Амантай ынталандыру мақсатында ақшалай және алғыс хатпен марапатталды. Барша жарысқа қатысқандығы үшін алғыс хаттармен және қаржылай сыйлықтар табысталды.
Сондай-ақ Созақ аудандық ардагерлер кеңесі жанындағы мәдени-көпшілік, спорт және жастар жұмысы жөніндегі тұрақты комиссияның алдағы атқарар шаралары да молынан жоспарлануда.