«Халыққа көмектің» көмегі тиюде
«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы Сайрам ауданы, Көлкент ауылдық округіне қарасты, Ханқорған елдімекенінің тұрғыны Бекбаева Замираның шағымынан нәтиже шығарып, өтінішін орындады. Елдімекен тұрғыны Ш.Уалиханов көшесінің бүгінгі жағдайы жайлы, жаңбыр жауып, қар түскен уақыттарда көше арқылы жүру қиыншылық тудыратындығын айтып, партияға өтініш білдірген болатын.
Осыған орай, «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсенбай Даулетұлының тапсырмасы бойынша, «Nur Otan» партиясы Сайрам аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Алмас Әбдрахманұлы, Сайрам аудандық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Бейсенбаев Баймырза және аудандық мәслихаттың депутаты, фракция мүшесі Батырбек Зиятаевтар Ш.Уалиханов көшесінің жағдайымен танысып, тұрғындардың мұң-мұқтажын тыңдап, Сайрам аудандық мәслихатының депутаты өз қаражаты есебінен алдағы 10-15 күннің ішінде көшені толықтай асфальттап беруге уәде берген болатын. Нәтижесінде 2019 жылы 6 қыркүйек күні Ханқорған елдімекеніндегі Ш.Уалиханов көшесіне толықтай асфальт төселіп, пайдалануға берілді. Сонымен қатар ауыл тұрғындары «Халыққа көмек» жобасы аясында халықпен кері байланыстың қуатты жүйесін қалыптастыра білген «Nur Otan» партиясы мен мәслихат депутаттарына және аудандық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне өз алғыстарын жеткізді.
Ресми мәліметтерге сүйнесек жалпы ағымдағы жылы Көлкент ауылы Ханқорған елді мекенінде ұзындығы 5-0 шақырым тұйықтар мен өткелдерге 46,6 млн теңге қаржы қарастырылып, ішкі шаруашылық жолдардың орта жөндеу жұмыстары жүргізілген.
Алдағы уақытта ауыл тұрғындарының ұсынысы бойынша 2-ші кезеңге ұзындығы 3,2 шақырым болатын тұйықтар мен өткелдерге негізделген құжаттар дайындалып, қаржы көлемі анықталған соң бюджеттік комиссияға қаржы қарастыруға ұсыныс беріледі және жөндеу жұмыстары толығымен жүргізіледі.