Жемқорлыққа төзбейтін жаңа жоба
Төле би ауданына арнайы іс-сапарымен келген ҚР Мемлекеттік істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің қызметкері Ерұлан Тұнғышбаев "Кәсіпкерлерге қызмет көрсетуорталығы" ғимаратында аудандық кәсіпкерлік бөлімінің қызметкерлерімен, "Атамекен" ҰКП аудандық филиалының өкілдерімен және "Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы" КММ қызметкерлерімен жиын өткізді.
Жиында облыстағы мемлекеттік қызметтің сапасын арттырып, сыбайластықтың алдын алу мақсатында жаңа жоба қолға алынғаны белгілі болды. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өңірдегі өкілдігімен облыс әкімдігі бірлесіп қолға алған жоба «Түркістан –Адалдық алаңы»-деп, аталады. Жаңа бағдарлама алдағы уақытта барлық саланы тұтастай қамтымақ. Ал, оның қандай принциппен жұмыс істейтіні жайлы бүгін Түркістанда талқыланды. Басты мақсаты - тұрғындардың мемлекеттік билік институттарына сенімін арттыру, жемқорлық деңгейін төмендету және сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік мәдениетті қалыптастыру. Адалдық алаңы төрт негізде жұмыс істейді. Алдымен отбасындағы зорлық зомбылықтың алдыналу бағытында тер төксе, кейін мемлекеттік қызметтің жақсаруына ат салысады.Сонымен қатар, қоғамдық бақылаудың жақсаруына жағдай жасайды.Жоба аясында мемлекеттік қызметте қоғамдық бақылауды арттыру, мемлекеттік ашықтықты қалыптастыру мақсатында қоғамдық бақылау картасы түзіліп, аталған салалар бойынша тиісті жұмыстар жобалық кестемен жүргізілетін болады. Сонымен қатар, жоба барысында талдау немесе жетілдіру обектісі болатын мемлекеттік мекемелерге және қоғам өкілдеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында ақпараттық зерделік жұмыстарды жүргізу көзделген.